Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы архив жұмысы оңтайланады - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы архив жұмысы оңтайланады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы архив жұмысы оңтайланады

          Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш пен «Узархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов архиваралық байланысты нығайту, түрлі зерттеу жұмыстары үшін өзбекстандық архивте мүмкіндік қарастыру, құжаттамалық мәселелерді оңтайландыру тағы да басқа маңызды мәселелер бойынша өзара келісім құжаттына қол қойды.
        Еліміз үшін аса жоғары маңызға ие бірлескен іс-қимыл жоспары ғалымдар мен түрлі зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
         «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылы Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде сөйлеген сөзінде «Тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеп, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – біздің парызымыз. Құзырлы органдарымызға беймәлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынамыз. Бұл, шын мәнінде, маңызды жұмыс болмақ, себебі ортақ тарихымызда әлі де толық зерттелмеген ақтаңдақтар бар» деген тапсырмасы бәріңізге белгілі. Биыл қазақстандық делегация Өзбекстанға сапар жасап Узархив басшылығымен бірлескен іс-шаралар бойынша келісім жүргізген болатынбыз. Нәтижесінде бүгін аталған келісімді іске асыруды құжат жүзінде бекіттік. Бұл — тарихи сәт. Бүгінгі шара Мемлекет басшысы ТМҰ отырысында белгілеп берген басым міндеттердің уақыт оздырмай алғашқы болып нақты орындалып жатқанының айғағы»,-деді Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш.
        Жыл өткен сайын Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы архиваралық байланыс артып келеді. Комитет төрағасы өзара достық қарым-қатынас пен әріптестік байланыс үшін Узархив агенттігінің басшысына алғысын жеткізді.
        Айта кетейік, екі ел арасындағы өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан арасында архивтік құжаттарды толықтыру, кітаптар шығару, зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша мүмкіндіктер қарастырылған.
         Сондай-ақ «Архив -2025» кешенді жоспар аясында 2022 жылы еліміздегі мемлекеттік архив қызметкерлері 14 елге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, елге 7000-нан астам Қазақстан тарихына қатысты құжат жеткізді. Аталған құжаттар ғылыми айналымға енгізілуде.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІ

        ...

МЫСЛИ ТЕРЗАЮТ НОЧАМИ…

ЕРІК ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ ОМАРҒАЛИЕВ. Абай ...

«АБАЙ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА ҮНДЕУ!

         ...

ТІЛДІ ДАМЫТУ, МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТТЫ НЫҒАЙТУ, АҚПАРАТ САЛАСЫН ӨРКЕНДЕТУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ

        ...

Не прошли мимо: как войсковой наряд помог потерявшемуся школьнику

        ...

Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

        ...

«АРАЙЛЫ КҮНІМ — АЗАТТЫҚ!» ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

     2025 жылдың ...

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН-СЕМИНАРЫ МЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...