Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 СТУДИЯЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СТУДИЯЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

СТУДИЯЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

           Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай облысында «Әлемге болған әйгілі, Дана Абай – ойдың алыбы» тақырыбында облыстық студиялық жас ақындар айтысы өтті. Рухани-мәдени бағыттағы бұл шараны «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырды.
        Айтысқа 4 жас ақын қатысып, 2 жұпқа жұпталып, суырыпсалма өнерде бақ сынады. Олар: I жұп — Нұроллаев Рауан мен Асубаев Назар,II жұп — Сағимоллаева Еркежан мен Құсман Әділет өзара айтысып, көркем сөзбен тартысқа түсті.
         Жас ақындар хакім Абай мұрасы, ұлттық рух, елдік тәрбие секілді тағылымды тақырыптарды жырға қосып, көрерменге рухани әсер сыйлады. Суырыпсалма шешендік, ой ұшқырлығы, тапқырлық пен тіл шеберлігі — әр қатысушының өнерінде айқын көрінді.
         Айтыс қорытындысында барлық қатысушыларға арнайы Дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Марапаттау рәсімін Семей қаласы Мәдениет сарайындағы «Халықтық ақындар орталығының» жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Дәмеш Омарбаева және «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Қайрат Смағұлов өткізді.
        Сондай-ақ, айтысты ұйымдастыруға және ақпараттық қолдау көрсетуге белсене атсалысқаны үшін  Дәмеш Омарбаеваға және «Байуақов ТВК–6» телеарнасының директоры Байуақов Омарбек Қазанғапұлына өңірлік партия төрағасы атынан «Алғыс хаттар» табыс етілді.
          Бұл жыр додасы — Абай рухына тағзым, ұлттық өнерге құрмет әрі жас буын арасындағы рухани сабақтастықты нығайтудың нақты көрінісі болды. Айтыс жастардың суырыпсалма өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, Абай даналығының бүгінгі ұрпақ санасында жаңғыруына жол ашты.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...