Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді

Қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді

        «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Halyk Bank серіктестігінде 2025 жылдың 22 шілдесінде Қостанай қаласында қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Аталған семинарға Қостанай қаласы мен Қостанай облысындағы қазақша ақпарат тарататын БАҚ өкілдері қатысты. Семинар-тренингтің басты мақсаты — БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.
          Halyk Bank Қостанай облыстық филиалы директорының орынбасары Сагитов Сагдат: «Бүгінде алаяқтықтық ең кең таралған түрлерінің бірі — пакетті жеткізу туралы фишинг. Киберқылмыскерлер клиенттерге пакеттің келгені туралы SMS/хабарлама жібереді. Хабарлама мәтінінде сілтеме болады, сол сілтемемен клиент фишингтік сайтқа өтеді. Сондықтан алаяқтарға алданбау үшін олардың қоңырауына жауап бермеу керек. Ешқашан ешкімге банк картаңыздың номері, құпия сөзін айтпаңыз. Онлайн сауда жасағанда банк картаңызды сақтамаңыз. Кибер алаяқтар азаматтардың тонау үшін TeamViewerAnyDeskRustDeskHopto DeskRuDesktop-ты жүктеп алуды ұсынады. Олардың айтқанын орындамаңыз, дереу тұтқаны қойыңыз. Алаяқтармен ұзақ сөйлесуге болмайды, олар дауысыңызды жазып алып, дипфейктерге қолнадады», — деді.
          БАҚ өкілдеріне арналған қаржылық сауат семинарына аймақтардың журналситері белсенді түрде түрде қатысып жатыр. Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызының айтуынша, аталған жоба қазақ журналистермен қатар Қазақ қоғамының да қаржылық сауатын жетілдіруге сеп болады: «Түркітілдес журналистер қоры 2017 жылдан бері Халық банкімен бірге республикалық «Еркін сөз» байқауын өткізіп келеді. Биыл 9-рет болатын Байқауды ұйымдастыру барысында біз БАҚ өкілдерінің көпшілігі қаржылық сауатын жетілдіруге мүдделі екенін байқадық. Осыған орай, Халық банкінің басшылығына Қазақстанның барлық қаласында қаржылық сауатқа қатысты семинар-тренинг өткізуге ұысыныс білдірдік. Бұл ұсыныстың қолдау тапқанына қуаныштымыз. Өйткені семинарға қатысқан әрбір журналист өз отбасы, туған-туыстарымен бірге бүкіл Қазақстанның қаржылық сауатын жақсартуға үлес қосады».
          Семинар барысында журналистер медиада жасанды интеллектті пайдалану, кәсіби этика, фотовизуализация: SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware, dата журналистика: Grok, Gemini, «YouTube-2025: жаңа трендтер», монетизация, кіріс көзін диверсификациялау т.б. туралы айтылды. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашып, ниша таңдап, контент қалыптастырды.
          Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank серіктестігіндегі «Halyk-пен қаржылық сауат» жобасы 2024 жылы басталған. Жоба шеңберінде Қазақстанның 6 қаласы: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне қаржылық сауатты арттыруға сеп болатын семинар-тренинг ұйымдастырылды.
           Биыл Орал, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен қалаларында жоспарланған. Семинарға қатысқан журналистер Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank-пен бірге 2017 жылдан бері қаржы тақырыбына өткізіп келе жатқан республикалық  «Еркін сөз» байқауына қатыса алады. Байқау жеңімпаздары Алматыда өтетін марапаттау салтанатына шақырылады.
Түркітілдес журналситер қорының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...