Home » PRESS RELEASE » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР АФРИКАДА ҚҰДЫҚ ҚАЗДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР АФРИКАДА ҚҰДЫҚ ҚАЗДЫ

           Қазақстандық кәсіпкер Елдос Айбеков Африка құрлығындағы ауызсуға мұқтаж халыққа құдық қазып берді. Қазақстан атынан сыйға тартылған құдық Уганда мемлекетіндегі Наноко елді мекенінде орналасқан.
        Кәсіпкер Уганданың The Ngali Development Foundation (Нгали дамыту қоры) компаниясымен байланысып, нәтижесінде құдық қазу үшін екіжақты келісімге келген. Құдықтың құрылысы ақпан айында басталып, наурыздың 12 күні аяқталды. 13 наурызда ашылу салтанаты ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар қазақстандықтарға алғыстарын білдірді.
         Соока Шариф (ауыл тұрғыны, 30 баласы бар.  63 жаста):
         Біз таза суға қол жеткізе алмай отырған ауыл тұрғындарымыз. Қарапайым тұрмыс кешеміз. Азын-аулақ ешкім ұстаймыз. Қазір суды 5 км жердегі өзеннен тасып ішіп отырмыз. Бұл әрине таза су емес. Мұның бәрін балаларымыз тасып әкеледі. Мотоцикл, велосипеді бар адамдар сирек. Көбіне жаяу тасыймыз.
           Елдос Айбек деген мырза жерімізге келіп, ауылдың қақ ортасынан үлкен құдық қазып берді. Алғысымызда шек жоқ. Балалардың қалай қуанғанын көрдіңіз бе?! Олардың қуанышын көріп біз де ерекше қуанып тұрмыз. Елдос мырзаға көп рақмет. Алла істеген жұмысына береке берсін.
          Біз Қазақстан деген мемлекеті жайлы мүлде білмейтін едік. Осы жағдайдан кейін ешқашан ұмытпастай болдық. Қазір болған қуанышты көрген балалар Қазақстанды, көк туларыңызды мәңгі жадында сақтап қалары анық. Қазақстанға сәлем!
          Елдос Айбеков: «Құдық қазуға қатысты бізде екі таңдау болды. Бірі – Уганда, екіншісі – Кения. Екеуі де Шығыс Африкада орналасқан. Алғашында құдықты Кениядан қазамыз деп ойладық. Өйткені, Кениядағы қызметтің бағасы Угандаға қарағанда арзан болды. Кейін қос мемлекетке анализ жасап, Уганданың ЖІӨ-сі Кениядан 3 есе төмен екенін көрдік. Ойлана келе, құдықты таза суға шын мұқтаж халыққа қазып берейік деген қорытындыға келдік. Бүгін құдығымызды қолданысқа бердік. Тұрғындардың, балалардың қуанышын көріп ерекше толқынысты күй кештім. Бұл жобамыз Қазақстан мен Уганда мемлекеттерінің арасындағы байланысты нығайта түседі деген сенімдеміз».
          Ашылу салтанатына аталған қайырымдылық шараға қолдау көрсету мақсатында қазақстандық саяхатшы-блогер Яков Федоров та барды. 65 мемлекетті аралаған Яков мырза бұл жолғы сапардың әсері бөлек екенін айтты.
         Яков Федоров: «Уганда 5 патшалықтан құралған. Олар мемлекет билігінен тыс жеке патшалықтарға бөлініп өмір сүреді. Ең үлкен патшалық – Буганда. Екіншісі – Бусога. Құдық дәл осы бусогалықтарға тиесілі жерден қазылды. Олар лусога тілінде сөйлейді.
         Мен Елдос мырзаға көп алғыс білдіремін. Ол кісі ғаламдық мәселеге өз үлесін қосты. Су – Африка халқының ең үлкен мәселелеріңің бірі. Бүгін аядай ғана ауылдың проблемасы шешілді.
         Құдық қолданысқа берілгеннен кейін Елдос Айбек Қазақстаннан арнайы апарған мектеп жабдықтарын үлестірді. Мемлекеттік жалауымыз бейнеленген дәптер, қалам, қаламсап, сөмкені ноноколық балаларға таратып берді. Қуанышпен басталған жиын қуанышпен аяқталды. Ауыл тұрғындарына 2 қазан палау таратылып, балаларға тәттілер берілді.
         Елдос Айбеков – кәсіпкер. ШҚО, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының тумасы. Қазақстан, ТМД бизнес нарығында 15 жылға жуық кәсіппен айналысып келеді. Ол осы уақытқа дейін бірнеше қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. Нақтырақ айтсақ, жалпы құны 15 млн тұратын ДЦП-науқастарына арналған аппараттарды тегін таратқан. Ай сайын әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, материалдық, қаржылық көмек көрсетеді. 2021-2022 оқу жылы қарсаңында 100 оқушыны мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етті. Елдос Айбеков – «Райымбек батыр» қайырымдылық мекемесінің демеушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БҮЙРЕК

        ...

АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ СӘТЖАН БАУЫРЫМА!

Бауырым, құтты болсын туған ...

Ұлттық ойындар күні кеңінен насихатталатын болады

        ...

ҚАЗАҚСТАН ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ ФИЗУЛИ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫН САЛДЫ

        ...

ТАДЖИКИСТАНУ ОТПРАВЛЕНО ГУМАНИТАРНЫЙ ПОМОЩЬ В ВИДЕ 15 ТЫСЯЧИ ТОНН МАЗУТА

        ...

ТӘЖІКСТАНҒА 15 МЫҢ ТОННА МАЗУТ ТҮРІНДЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

        ...

ТАСТҮЛЕКТЕР – ТАМШЫ ЖЫРЫ

        ...

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

        ...

БЕКЕРГЕ КЕТКЕН САҒАТ, БОСҚА ӨТКІЗГЕН МИНУТ – ҰЛТ ІСІНЕ ЗОР ШЫҒЫН

        ...

ИСЛАМ ЖАУЫЗДЫҚТЫ ҚОЛДАМАЙДЫ

       Ақиқатында ...