Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«Халық-Life» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингісін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін растады - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «Халық-Life» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингісін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін растады

«Халық-Life» АҚ-ның қаржылық тұрақтылық рейтингісін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін растады

            AM Best агенттігі (бұдан әрі-агенттік) «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингісін «B+» деңгейінде және эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «bbb –» деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжам «Позитивті» болып табылады.
        «Халық-Life» АҚ теңгерімінің тұрақтылығын көрсететін рейтингтер AM Best Агенттігімен өте жоғары деңгейде бағаланады, сондай-ақ Компанияның адекватты операциялық көрсеткіштерін, шектеулі бизнес-бейінін және корпоративтік тәуекелдердің басқаруын көрсетеді.

Позитивті болжамдар соңғы жылдары «Халық-Life» АҚ-ның операциялық қызметі көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетеді, оған инвестициялардың қомақты кірістілігі ықпал етті. 2021 жылы компанияның меншікті капиталының табыстылығы шамамен 24% — ды құрады. «Халық-Life» АҚ инвестициялық портфелі активтер класы бойынша салыстырмалы консервативті болып табылады, бұл ретте тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар, ақша қаражаты және банктік депозиттер 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша оның инвестицияларының шамамен 90% — ын құрайды.

        «Халық-Life» АҚ теңгерімінің тұрақтылығы 2021 жылдың соңындағы аудиттелмеген нормативтік кірістілікке негізделген Best’s Capital Adequacy Ratio (BCAR) капиталының жеткіліктілік көрсеткішіне сәйкес ең жоғары деңгейде бағаланатын тәуекелге түзетумен капиталдандырумен нығайтылады. Бұдан басқа, AM Best «Халық-Life» АҚ келешекте 2021 жылы өмірді сақтандыру портфелінің табысты өсуімен және операциялық шығыстарды бақылау үшін қабылданған шаралармен нығайтылған жоғары операциялық кірістілікке қол жеткізеді деп күтеді.
       «Бүгінде біз өмірді сақтандыру компаниялардың арасында шамамен 235 млрд теңге көлеміндегі активі бар ең ірі Компания болып табыламыз. Осылайша, өткен жылдың қорытындысы бойынша Компания 124 млрд теңгеден астам мөлшерде сақтандыру сыйлықақыларының ең үлкен көлемін жинады.  A. M. Best халықаралық рейтингтік агенттігінің рейтингтері біздің Компаниямыздың ашықтығы мен айқындығын, ұстанымдарының тұрақтылығын, сондай-ақ өз міндеттемелерін толық көлемде және мерзімде орындау қабілетінің жоғары екендігін көрсетеді. Компанияның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі «BBB-» «позитивті» деңгейінде расталды және бұл жағдай бізді қуантады, өйткені бұл рейтинг Қазақстандағы өмірді сақтандыру компанияларының арасында ең жоғары болып табылады», — деп түсіндірді «Халық-Life» АҚ-ның Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.
        Толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, оқуға болады:
https://news.ambest.com/presscontent.aspx?altsrc=108&refnum=31824
Анықтама үшін:
  «A. M. Best» рейтингісінің тарихы 100 жылдан асады. Агенттік 1899 жылы құрылды. Қазір оның кеңселері АҚШ, Ұлыбритания және Гонконгта орналасқан. Best тәуелсіз рейтингі сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларына беріледі. Талдау компания теңгерімінің тұрақтылығын, жедел жұмысын және оның бизнес профилін толық көлемдік және сапалық бағалауға негізделген. Best сақтандырушысының рейтингтерін бере отырып, сақтандырушының ағымдағы басты қаржылық талаптарға жауап беру қабілетіне қатысты пікірін білдіреді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...