Home » Әлеумет » АСЫҚАТА ӨЗ АЛДЫНА ДЕРБЕС АУДАН БОЛСА

Notice: Undefined index: tie_sidebar_pos in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

АСЫҚАТА ӨЗ АЛДЫНА ДЕРБЕС АУДАН БОЛСА

Қазақстан Республикасының
Премьер – министірі
Олжас Бектеновке

Құрметті Олжас Абайұлы!

Қазақ халқы бүгінгі күні еліміздің тәуелсіздік алғанына 32 жыл болсада келешек ұрпағы үшін алаңдаулы күй кешіп отырғаны шындық.
Ата-бабаларымыз келер ұрпағы үшін найзаның ұшымен, білектің күшімен осыншама кең байтақ жерімізді қорғап келер ұрпаққа аманат етіп қалдырған болатын.
Бар өкініштісі осы мұра болып қалған жер асты байлықтарымызды халқымыз үшін ұқсата алмадық.
Отыз жылда бір адамға табынып жіберген қателіктерімізді, жемқорлықтарымызды ата-баба әруағы кешіре қоймас.
Президентіміздің қаңтар қырғынынан соң Жаңа Қазақстан құрамыз деп халықты жұбатып, батыл шешімдерге барып жатқан шағында өзіңіздей білімді, іскер, батыл азаматтың Үкімет басына келуінен үлкен үміт артып төмендегі мәтіндегі арызымызды жолдаймыз.
Үкіметтің халық жиі қоныстанған Оңтүстік аудандардың оның ішінде Мырзашөл өңіріндегі шекарадағы мақталы үш ауданның халқының жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмасы да орындалар емес. Шетелден инвестиция тартып мақта кластерін қолға алып, мақтаны тек шикі зат күйінде сатпастан, оны өңдеп халықты жұмыспен қамтып ұйымдастыру әзірше облыс, аудан әкімдерінің қолынан келер емес.
Негізі Түркістан облысының халқының 80-85 пайызы ауылдық жерлерде тұратының ескерсек Түркістан қаласы облыс орталығы болып ашылғалы бері негізгі Республикалық, облыстық бюджеттің қаржыларының 60 пайызға жуығы Түркістан қаласын түлетуге жұмсалуда. Бұл жағдай 90 пайыз халқы суармалы жерлерді игеріп напахасын тауып күн көріп отырған Мырзашөл халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге кері әсерін тигізуде.
Соның бірі 1997 жылғы 24 сәуірдегі № 3474 жарлықпен таратылған Мырзашөл өңірдегі Мақтаарал, Жетісай және Асықата аудандарын тарихи қалпына келтірудің орындалмауы, яғни Асықата ауданының ашылмай қалуы мырзашөл өңірінің халқының наразылығын туғызуда.
Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасымен Мырзашөл өңірі жұртшылығының талап-тілектері бойынша тиесілі қажетті құжаттар дайындалып, «Электрондық үкімет» веб-порталында 2018 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Оңтүстіктегі Мақтаарал және Сарыағаш аудандарын бес ауданға бөліп, бұрынғы Мақтаарал, Жетісай, Асықата, Сарыағаш және Келес аудандарын қалпына келтіру туралы арнайы Жарлығының, ал 2018 жылғы 28 ақпан күні «Электрондық үкімет» веп-порталында тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Асықата, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Сарыағаш аудандарының шекараларын белгілеу туралы» қаулысының жобалары жарияланған болатын.
Жоғарыда аталған маңызды ресми құжаттардың жобаларында және ғалымдардың ғылыми сараптамалық ұсыныстарында Мырзашөл өңіріндегі 1997 жылы бір ауданға біріктірілген үш ауданды да – Мақтаарал, Жетісай және Асықата аудандарын бұрынғы тарихи қалпына келтіре отырып үш аудан етіп қайта құру – қазіргі уақыт талабы екені, өйткені қажетті ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізу, қадағалау, бақылау, халыққа қызмет көрсету тиімділігі артатыны ерекше атап көрсетілген еді.
Ғылыми сарапшылардың тұжырымдарына сүйенсек, саяси тұрғыдан алғанда, қазіргі таңда бұрынғы Асықата ауданының ашылмай қалуы салдарынан Мырзашөл өңірінің кейбір елді мекендерінде, әсіресе, шалғайда орналасқан аймақтарда экономикалық – әлеуметтік мекендерінде, әсіресе, шалғайда орналасқан аймақтарда экономикалық – әлеуметтік мәселелерді шешудегі оң өзгерістер өте баяу жүргізіліп жатыр.
Халық санының көптігіне байланысты елді мекендерді жедел басқаруда да көптеген қиындықтар туындап отыр. Бұл жағдай, әсіресе, шалғайдағы ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымдардың жедел дамуына кері әсерін тигізуде. Қазіргі талапқа сай күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарды тексеріп, бақылап отыру мен қордаланып қалған күрделі мәселелерді дер кезінде, жедел шешуде қолбайлау болатын жағдайлар көбейіп, қиындықтар туғызуда.
Мырзашөл өңірінде тұрып жатқан жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына және аймақтың экономикалық дамуына болжамдық сараптама жасаған ғалымдар мен білікті сарапшы-мамандардың 1997 жылы бір ауданға біріктірілген бұрынғы Мақтаарал, Жетісай және Асықата аудандарының үшеуін де қалпына келтіру қажеттігі туралы жоғарыда баяндалған ұсыныстары мен қорытындыларына қарамастан, 20 жылдан астам уақыт бойы сол кездегі экономикалық қиындықтардың салдарынан уақытша бір ауданға біріктірілген Мақтаарал және Жетісай аудандары 2018 жылғы 5 маусымда қайта ашылды да, ал Асықата ауданы, сол кездегі облыс әкімі Ж. Түймебаевтың кесірінен ашылып тұрып қайта ашылмай қалды, қайта тарихи қалпына келтірілмеді.
Асықата ауданының қайта ашылуы Мырзашөл өңіріндегі елді мекендердегі халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін және инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету міндеттерін жедел сапалы шешуге септігін тигізер еді.
Егер Асықата ауданы қайта құрылатын болса, онда Асықата ауданының құрамына 100 мыңнан астам халықты қамтитын 1 кент (аудан орталығы Асықата кенті), 7 ауылдық округі, 83 елді мекен енгізіліп, ал Жетісай ауданының құрамына 105 мыңнан астам халық, 1 қала (қазіргі аудан орталығы Жетісай қаласы), 6 ауылдық округ, 42 елді мекенді өз алдына бөлек аймақ ретінде басқару жеңілдейтін еді.
Сонда Асықата ауданының аумағы 64 435 гектарды, ал Жетісай ауданының аумағы 55 992 гектарды құрайтын еді.
Еліміздің халықаралық дәрежедері мәртебесі жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, Өзбекістан Республикасымен шекаралас аудандарда үш ауданның – Мақтаарал, Жетісай және Асықата аудандарының болуы еліміз экономикасының өндірістік және бейөндірістік салаларының алға қарай қарыштап дамуына жаңа серпін беріп, соның нәтижесінде Мырзашөл өңірінің халқы арасындағы жұмыссыздық деңгейін анағұрлым төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін еді.
Сізден сонау 1940 жылы құрылып, 1997 жылы жабылып қалған, Түркістан облысының бұған дейінгі басшысы ескі Қазақстанның кадры Ж. Түймебаевтың тікелей кінәсінен ашылмай қалған Мырзашөл өңіріндегі Асықата ауданын қайта ашып беруіңізді сұраймыз.
Екінші Мырзашөл халқы үшін өте маңызды мәселе ол 2006 жылы көрші Өзбекістан мемлекетімен шегараны қайта белгілеу кезінде жалға алу мерзімінің бітуіне қарамастан алғашқы мемлекетаралық келісімді бұзып бұрынғы Қазақстанға қарасты Амангелді, Арнасай совхоздарының жайылым жерлерімен қоса, сол кездегі облыс жер ресурстар басқармасының мамандарымен және аудан әкімдерінің сыбайластық әрекеттерінен Өзбекістанда қалып кетті.
Соның салдарынан Шардара ГЭС-нен Мырзашөлге келетін жоғарғы кернеулі электр бағаналары, Мырзашөлдіктер Шардара арқылы Арыс – Түркістанға қатынайтын күре жол өзбек мемлекетінің аумағында қалып отыр. Бұл жағдай 400 мыңға жуық Мырзашөлдіктердің құмдағы мал жайылыдарына малдарын айдап өтуге қиындық туғызып отыр. Бүгінгі күні Мырзашөлдіктер мал жайылымсыз отыр.
Екі мемлекет арасындағы шекара әле түпкілікті бекітілмегенін ескерсек, мемлекет аралық келісіммен бұл мәселені шешуге болатыны көрініп тұр.
Үшінші Мырзашөл өңіріне ата-бабамыз сонау 1940 жылдары қоныс аударып шөл даланы мақта егу үшін тегістеп дайындаған болатын. Өкінішке орай мақта шаруашылығын мемлекеттік қолдау болмастан жылдан-жылға мақта егу көлемі кеміп келеді.
Мақта егетін шаруалар мақта заводтарына тәуелді болып, банкроттық жағдайда өмір сүруде.
Аудан, облыс басшыларының мақта шаруашылығына деген немқұрайлық әрекеттерінің салдарынан шаруалар түрлі уақытша дақылдар егіп суармалы жерлердің құнарлығын жоғалтуда. Миллиардтаған қаржыларға салынған тік дренаждар да жұмыс жасамайды.
Өз кезегінде Өзбекістан елі сыртқа мақтаны шикізат күйінде сатуды тоқтатып, әр бір ауданында шағын жіп иіру, тоқыма фабрикалар ашып мақтаны өздері өңдеуге көшкен. Бүгінгі таңда Орта Азия елдерінің базарларында тек Өзбекістанның женіл өнеркәсібінің товарлары қаптап тұр.
Шекаралас аудандардың көрші мемлекеттен кенде қалып, халқы жұмыссыз жағдайда кедейленіп отыруы елге сын.
Оның үстіне Жетісай ауданының тұрғындары жаңадан ашылған 90 пайыз халқы ауыл шаруашылықпен күн көріп отырған мақталы ауданды, жас өмірді енді бастаған және ауыл шаруашылығынан мүлдем хабары жоқ, сырттан келген балапан әкімдер басқарып отыр.
Оның бірі Мұрат Қадырбек өзі заңгер ауданды екі жыл басқарып түк бітірместен сенатор болып кетті (қолдаушысы Шамалғанның жігіттері). Ал екіншісі бүгінгі басқарып отырған әкім Серік Мамытов мамандығы менеджер жасы 30-да (крышасы Президенттің Парламенттегі өкілі Оспанбеков Амирбек Канатбекович).
Міне осылайша Жетісай ауданының оның 200 мыңнан астам халқының тағдырын ойыншыққа айналдырып, кадрлық транплинге айландырып отырған Президент аппараты қайда қарап отыр?

Құрметті Олжас Абайұлы!

Президентіміздің Жаңа Қазақстанды құру жоспарын іске асыру мақсатында жасақталған Жаңа Үкіметтен халықтың зор үміт күтіп отырған жағдайы бар. Еліміздің қиыр шығысында, түбекте Өзбекстан елінің қоршауында қалып, мал жайылымсыз, алақандай суармалы жерлерден напахасын тауып жеп кедейлені отырған Мырзашөл халқын қамқорлығынызға алыңыз. Өзіңіздей принципшіл, батыл шешімдерге барып, талап ете алатын басшыдан Мырзашөл халқы үлкен үміт күтеді.
Үкіметтен, Парламенттен арнайы комиссия түзіп анықтап шешім қабылдайды деп сенеміз.
Мырзашөл өңірінің тұрғындарының атынан қордаланған мәселелерді шешу үшін мені арнайы шақырып қабылдауыңызды сұраймын.. ҚР және Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Құрмет орденінің иегері ҚР еңбек сіңірген энергетигі IV-V-VI – шақырымдағы аудан, облыс Мәслихатының депутаты Қаныбеков Шералы Оспанәліұлы б/т 8 775 666 32 22

Мекен жайы: Жетісай ауданы, Асықата кенті М. Дулатов көш №39
электронды адрес: maktaral2012@mail.ru

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Перчатку Головкина и мяч Елены Рыбакиной выставят на аукционе в Алматы

Аукцион состоится 1 июня.  ...

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҚАУЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ

        ...

«ӘРУАҚҚА ТАҒЗЫМ» ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ

        ...

Бизнесіңізді қолдау үшін 5 миллион теңге жеңіп алыңыз

       Assyltas ...

Получи 5 000 000 тенге на поддержку своего бизнеса

        ...

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімді енді мобильді қосымшада «АӘК алу» қызметтері арқылы беруге болады

        ...

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

        ...

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

СОТРУДНИЧЕСТВО КАЗАХСТАНА И СИНГАПУРА: НОВЫЙ ВЕКТОР РАЗВИТИЯ IT-СФЕРЫ

        ...