Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ БІРІККЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ БІРІККЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛДАҒЫ УАҚЫТТАҒЫ БІРІККЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

          Ташкентте өтіп жатқан «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумында туристік индустрия өкілдері туризм саласының мүмкіндігін ортаға салып, алдағы уақыттағы біріккен жоспарларын да талқылады.
          Осы орайда Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары — Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов «Туристік саланы ұлттық экономиканың маңызды сегменті және мемлекеттің бәсекелестік қабілетін арттырудың стратегиялық ынталандыруы ретінде қарастыратын мемлекеттер саны жыл өткен сайын артып келеді. Ел басшылығының белсенді әрі жан-жақты қолдауының арқасында Өзбекстанның туристік нарығы халықаралық туристерге құшағын кеңінен жаюда. Қысқа мерзімнің ішінде визасыз елдердің саны 9-дан 92-ге дейін өсті, ал шетелдік туристердің саны 2019 жылдың өзінде 1,9 млн-нан 6,7 млн-ға дейін артты. Өз кезегінде СOVID-19 пандемиясы туристік секторға теріс ықпалын тигізгенмен, бізге туризмді қауіпсіз және тұрақты туризм тұрғысынан дамыту үшін қайтадан ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық сарапшылармен бірлесіп, туристік өнім мен қызмет ұсынудың барлық буынына мұқият талдау жасадық. Туристік көрсетілім нысандарындағы қауіпсіздіктің жаңа, тиімді хаттамаларын дайындадық. Қабылданған шараларға жоғары баға беріліп, халықаралық рейтингтерден орын алды. Мысалы, «Gallop» Өзбекстанның қауіпсіз туризм бойынша үздік тоғыз (ТОП-9) елдің қатарына енуге мүмкіндік берді. «New York Times», «Guardian», «Independent», т.с.с. әлемнің жетекші басылымдары біздің туристік дестинацияларымызды тартымды да қызықты бағыттар ретінде мойындады» дейді.

Сондай-ақ, ШЫҰ елдерімен туристік қарым-қатынастарды әрі қарай да дамытуға басымдық берілетіні атап өтіліп, «ғаламшардағы халықтың 44%-ын қамтитын ШЫҰ кеңістігі – әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған орасан зор туристік нарық. 2019 жылы ШЫҰ елдерінен 250 млн турист шетелде демалды (Үндістан 27 млн, Қытай 155 млн, Өзбекстан 1,7 млн, Қазақстан 206 мың, Тәжікстан 31 мың, Ресей 20 млн). Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет» дейді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...