Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙДА «HAND-MADE» КӘСІБІ ДАМЫП КЕЛЕДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » Кәсіпкерлік » ЖЕТІСАЙДА «HAND-MADE» КӘСІБІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ЖЕТІСАЙДА «HAND-MADE» КӘСІБІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

        Қазіргі таңда еліміздегі кәсіпкерлердің арасында әйелдердің үлесі артып келеді. Солардың бірі – Жетісай ауданы, Асықата кентінің тұрғыны Мадина Дәуренбек. Іскер жас ана «Handmade» өнерін дамытып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. «Hand-made» бағыты дегеніміз – қолдан бұйымдар жасау.
          Қолдан жарықшамдар жасайтын Мәдина осы саланың барлық қиындығын көрген деп айтуға болады. Ата-енесінің бабын тауып, жұбайының жағдайын жасап жүріп те, отбасына қолғабыс етіп келеді. Ол электр қуаты арқылы жарқырайтын гүлдермен көмкерілген шамдарды әзірлейді. Күніне 50 данаға дейін жарықшамдар жасайды.
          «Жамбыл облысының тумасымын. 19 жасымда осында тұрмысқа шықтым. Бала кезден қол өнерге икемім болды. Осы заттарды жасауды ғаламтордан лезде үйреніп алдым. Керекті шикізатты көрші Ресейден алдырамын. Менің негізгі тұтынушыларым – Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облысының тұрғындары. Жасаған заттарымды автобус арқылы жөнелтіп отырамын. Құдайға шүкір, жасаған бұйымдарыма осы уақытқа дейін ешқандай шағым болмаған. Менің алаңсыз жұмыс істеуіме мүмкіндік берген ата-енеме, жолдасыма рақметімді айтамын. Отағасымен бірлесіп, еңбегімізден түскен пайдаға жаңа үй салып алдық. Тынымсыз еңбек етсең, жақсы өмір сүруге ешқандай кедергілер болмайды» дейді, – Мадина Алтайқызы.
          Мадина одан бөлек ғаламтор арқылы білгенімен бөлісіп, сабақ өтеді. Қолдан жасаған заттарына жарнаманы «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы жүзеге асырып келеді. Өмірлік серігі Мұсағали да жұбайына көмек көрсетіп, дизайндарын жасап беріп отырады. Бұл бақытты отбасы құрақ көрпе жасап, жастықтар тігіп, қыз жасауын да дайындайды.
Б.НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...