Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ ЖАСТАР ЖАСАҚТАРЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ ЖАСТАР ЖАСАҚТАРЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ ЖАСТАР ЖАСАҚТАРЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

           2025 жылғы 14 – 15 маусым күндері «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы студенттік сервистік жасақтардың маусымдық жұмысы барысымен танысты. Бұл шара, аймақ жастарын еңбекпен қамтып, өңірдің туризм және сервис саласындағы қызмет сапасын арттыруды көздейді.
         Филиал өкілдері негізгі серіктестер — Бизнес және сервис жоғары колледжі, Алакөл жағалауындағы демалыс үйі басшылығы және студенттермен кездесулер өткізіп, жұмыс орындарын, жатын орын және тамақтану жағдайларын тексерді. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің студенттерге деген қарым-қатынасы назарға алынды.
        «Студенттер мен жастар жасақтарын» ресми ашу рәсімінде серіктестік механизмдері нақтыланып, жасақ мүшелеріне «Студенттік жасақтар – 2025» арнайы төсбелгішесі тағылып, «Ауыл» партиясының төсбелгісі табысталды. Бұл дегеніміз, жастардың жауапкершілігін арттырып, олардың еңбегін қоғам алдында тануға мүмкіндік береді.
        Бұдан бұрынғы атқарылған жұмыс барысына тоқтала кетсек:
Абай облыстық филиал төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы Бизнес және сервис жоғары колледжі директоры Хожанова Альмира Балтабековнамен, оқытушылармен және студенттермен бірге Алакөлдегі демалыс орталығына барып, жасақтардың орналасуы, еңбекке дайындық деңгейі, қауіпсіздік және тұрмыстық жағдайларын көріп шықты.
          Жұмыс барысы аясында, Абай облыстық филиал «Alikhan Bokeikhan University» оқу ордасының Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенттері және оқытушыларымен де арнайы кездесу өткізді. Жиында студенттердің маусымдық жұмыстағы рөлі мен ұйымдастыру аспектілері талқыланды.
         Бұл бастама бірнеше маңызды бағыттарды қамтиды:
        Жастарды еңбекке баулу — маусымдық жұмыс арқылы студенттер тәжірибе жинап, өз еңбегімен табыс табуға мүмкіндік алады;
         Сервистік саланың сапасын арттыру — демалыс аймақтарында қызмет көрсету деңгейін жоғарылату арқылы өңірдің туризм әлеуеті күшейеді;
        Әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосу — жастардың туған жерде қалып, қоғамның дамуына үлес қосуына жағдай жасалады;
        Білім мен практиканы ұштастыру — оқу орнында алған теориялық білімін тікелей жұмыс барысында қолдану;
          Үкіметтік емес серіктестік — жоба бизнес құрылымдарымен, колледждермен, университеттермен, жергілікті әкімшілік және парламент өкілдерімен тығыз байланысты дамуда.
           «Ауыл» партиясы Абай облысында студенттік сервистік жасақтарды құру және дамыту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Мұндай қадамдар жастарды еңбекпен қамту арқылы олардың болашағына жол ашып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуына, сервистік әлеуетін нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.
         Алдағы уақытта да партия жастарға арналған әлеуметтік жобаларды қолдап, түрлі білім ордаларымен, бизнес және мемлекеттік құрылымдармен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуді жүзеге асырады деген сенімде.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...