Home » PRESS RELEASE » News » КЕШЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

КЕШЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ОРЫНДАЛДЫ

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 255-108 «Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бағалау және мониторинг жүргізу» кіші бюджеттік бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу» туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі №330 бұйрығымен бекітілген қағидасы негізінде 2022 жылы Мақтаарал ауданы суармалы жерлерінің мелиоративтік жағдайын бағалау үшін кешенді мемлекеттік мониторинг жұмыстарын орындады.
       Атап айтқанда:
     – барлық суармалы жерлердің агромелиоративтік зерттеу жұмыстары, яғни нақты жер көлемі бойынша жерлердің пайдаланылуы, оның ішінде дақылдар бойынша орналасуы және пайдаланылмаған жерлердің көлемдерін себептері бойынша анықтау;
     – жер асты суының деңгейін анықтау үшін гидрогеологиялық байқаулар жасау және оның тұздылығын анықтау мақсатында химиялық талдаулар үшін су сынамаларын алу;
     – қашыртқы жүйелерімен кеткен су көлемін анықтау үшін гидрологиялық байқаулар жасау және оның тұздылығын анықтау мақсатында химиялық талдаулар үшін су сынамаларын алу;
       – суармалы суларының тұздылығын анықтау мақсатында химиялық талдаулар үшін су сынамасын алу;
       – суармалы жерлердегі топырақтардыңтұздану дәрежесін анықтау мақсатында далалық топырақтық-тұздық түсірілім жұмыстарын орындау.
      Орындалған жұмыстардың аудан бойынша нәтижелері төмендегідей:
         Агромелиоративтік зерттеу жұмыстарының нәтижелері: Суармалы жерлердің агромелиоративтік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Мақтаарал ауданында суармалы жерлердің жалпы көлемі 63033 га екені анықталды. Осы суармалы жерлердің пайдаланылуын, оның ішінде дақылдар бойынша орналасуын анықтау барысында 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары егісіне 63011 га суармалы жер пайдаланылғаны және 22 га пайдаланылмағаны анықталды. Пайдаланылмаған суармалы жерлердің себептерін анықтау барысында 7га суармалы жерлердің топырағы түрлі дәрежеде тұзданған және 15 га суармалы жерлер басқа себептермен пайдаланылмағаны анықталды. Бұл пайдаланылмаған суармалы жерлердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 50 гектарға азайған.2022 жылы тұздану себебінен пайдаланылмаған суармалы жерлердің көлемі – 2 га азайған. Басқа себептер бойынша пайдаланылмаған жерлердің көлемі өткен жылғымен салыстырғанда – 48 га азайған.
         Сонымен қатар, 2022 жылы ең басты дақыл мақтаның егіс көлеміөткен жылғымен салыстырғанда 4809 га артып – 40421 га суармалы жерді қамтыды.
         Гидрогеологиялық жұмыстарының нәтижелері: Мақтаарал ауданында суармалы жерлердің жер асты суының деңгейі мен оның тұздылығын бақылау үшін суармалы алқапта жалпы 377 дана  бақылау құдықтары орналасқан. Гидрогеологиялық жұмыстарды орындау барысында осы бақылау құдықтарында 6574 рет жер асты суының деңгейіне өлшеулер жасалынды. Сонымен қатар, барлық су көздерінің суларының тұздылығы мен химиялық құрамын анықтау мақсатында жер асты суы, суару жүйелері, қашыртқы жүйелерінен және тік дренажды ұңғымалардан барлығы 946 дана су сынамалары  алынды.Сонымен қатар, топырақтың химиялық құрамын анықтау мақсатында топырақ үлгілері алынып, химиялық талдау жұмыстары Мекеменің жеке акредитацияланған зертханасында орындалды.
         Жер асты суының денгейін өлшеу қорытындыларына сәйкес, 2022 жылы жер асты суының деңгейі шектеуден тыс жоғары (0-2 м) болған суармалы жерлердің көлемі (орташа вегетациялық мәлімет бойынша) -51195 га құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4724 га көбейген. Мұның басты себептері негізінен қашыртқы жүйелері жұмысының төмендеуінен деп түсіндіріледі. Ал, жер асты суының тұздылығы 3 г/л жоғары болған суармалы жерлердің көлемі 15597 га құрап, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 849 га азайғаны байқалады. Химиялық құрамы бойынша көбіне олар сульфатты-гидрокарбонатты-кальцийлі ден сульфатты-хлоридты-нитрийлі болып келеді.
         Қорытындылап айтқанда, суару және қашыртқы жүйелері қанағаттанарлықсыз жағдайда жұмыс істеуінен жер асты суларының тұздылығы ұлғайып, топырақтың тұз режиміне кері әсер етеді, өйткені тұз жиналу әрекетінің өршуі тек жер асты суларының деңгейіне ғана емес, олардың тұздылығына да тәуелді.
         Гидрологиялық жұмыстарының нәтижелері: Мақтаарал ауданындақашыртқы жүйелерінде орналасқан гидробекеттерде қашыртқы суларының көлемін анықтау үшін 90 рет өлшем жасалынды.Өлшеу мәліметтеріне сәйкес жалпы 2022 жылы ауданның суармалы алқаптары бойынша қашыртқы суларының жиынтық көлемі 125,6 млн. м3 құрады.Бұл қашыртқы суларының тұздылығы тұрақты емес, жыл мезгіліне қарай 1,16-3,41г/л аралығында өзгеріп тұрды. Химиялық құрамы жағынан аниондар бойынша сульфатты және хлоридті, ал катиондар бойынша натрийлі-магнийлі. Қашыртқы суларының сапасы бойынша аудандағы «Сардоба» және «Солтүстік» қашыртқы суларынан басқа, барлық қашыртқы суларының тұздылығы 1,16-1,54 г/л дейін және олардың көлемі 73,5 млн. м3 құрады. Осы суларды басқа сумен араластырмай дақылдарды суару үшін қайта пайдалануға ұсынылады.
      Топырақтық-мелиоративтік жұмыстарының нәтижелері: 2022 жылы суармалы жерлердегі топырақтардың тұздану дәрежесін анықтау мақсатында 7 тұрақты экологиялық алаңшалардан топырақ үлгілері кезеңдер бойынша алынды.Жалпы аудандағы топырақ жамылғысының тұздану дәрежесі бойынша орташа – күшті тұзданған жерлерінің көлемі 21331 гектарды құрады.
       Қорытынды: Суармалы жерлердің мелиоративтік  жағдайын бағалау үшін қабылданған критерилер негізінде және ирригациялық-шаруашылық жағдайларға сәйкес2022 жылы Мақтаарал ауданысуармалы жерлерінің мелиоративтік жағдайының төмендегідей құрылымы анықталды: мелиоративтік жағдайы жақсы – 170 га;мелиоративтік жағдайы қанағаттанарлық – 7617 га;мелиоративтік жағдайы қанағаттанарлықсыз – 55246 га,оның ішінде, төмендегідей себептермен:жер асты суының деңгейі шектеуден тыс жоғарылығы – 33915 га;топырақтың тұздануы – 4715га;жер асты суының деңгейі шектеуден тыс жоғарылығы және топырақтың тұздануы – 16616 га.
      Осы орайда, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бағалау мәліметтері бойынша қанағаттанарлықсыз – 55246 га жерлерде  мелиоративтік іс-шараларды жүргізу қажет, оның ішінде: қашыртқы жүйелерін жөндеу – 50531 га;тұзданған жерлерді күрделі сор шаю – 2344 га; орташа тұзданған жерлерге сор шаю жұмыстары – 2371 га.
     Жалпы 2022 жылғы осы негізгі жұмыстардың көрсеткіштері суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы жөнінде ақпараттық есептермен бірге ол жерлерді жақсарту, тиімді пайдалану жөніндегіғылыми негізделген ұсыныстар жылына үш кезеңге дайындалып (суару алды, суару кезеңі және суару кезеңінен кейін) ауданның тиісті су және ауыл шаруашылығы мекемелеріне ақпарат үшін берілді.
А. ХОЖИМБЕТОВ,
Мақтаарал суармалы жерлеріне мониторинг жүргізу
бөлімінің басшысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...