Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТЕАТР РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ТЕАТР РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР

ТЕАТР РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАР

        Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының  Көркемдік кеңесі 2023 жылдың репертуарына алынған заңғар жазушы М.Әуезовтің  «Айман – Шолпан» трагикомедиясы мен  драматург Г.Хугаевтың «Қара шекпен» әпсанасына  арналып  сызылған безендіру эскиздері  мен костюмдерінің үлгілерін талқылады. «Айман –Шолпан» қойылымының   эскиздері  қазақы ою-өрнектерге өте бай, ұлттық бояуы басым.
      Көркемдік кеңес  төрағасы тарапынан   киімдердің сапасына  ерекше мән берілуі  керектігі, өйткені  бұл бұйымдар  театр гардеробын  байытатыны, алдағы қойылар спектакльдерге  де пайдалануға мүмкіндік ашылатыны ескертілді.
         Автордың  көп  еңбектенуінің, зерделі ізденуінің  арқасында  ұлттық классикалық дүниеге айналған «Айман-Шолпан» трагикомедиясын сахналау  оңай шаруа емес. Осыны ұққан  Көркемдік кеңес мүшелері  байтақ еліміздің  театр сахналарында бірнеше мәрте  қойылған  осы спектакльдің  деңгейінен төмендемеу, артығынша  жасау  жолдарын  қатаң қарастырды.
      Театр репертуарын  ойлы, терең оқиғасымен ерекшелендіретін екінші  пьеса ол – драматург Г.Хугаевтың  «Қара шекпен» әфсанасы. Адамға адал дос ит, яғни Тұзар – төбет  арқылы өрбитін  спектакль өміршеңдігімен де құнды. Қазақ театрларының көбі  бұл  пьесаны да қызыға   сахналастырғаны мәлім. Дегенмен, бұл пьеса ешқашан  мәнін, маңызын  жоғалтпайды. Тіптен мәңгілік десек те болады. Өйткені, адалдық пен арамдық, достық пен  дұшпандық  бағасы таразыланады.
      Спектакльдің режиссері  жас әртіс Ж.Файзиев. Суретшісі Е.Назарымбетов.
Ө. ПІСТЕБЕК,
Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының  әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...