Home » Қоғам » Білім саласы » ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІСТЕР ТІЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛКЕН СЕП БОЛА АЛАДЫ

ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІСТЕР ТІЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛКЕН СЕП БОЛА АЛАДЫ

      Кезінде КСРО империясы күйреп, дербестікке қолымыз жеткен соң, қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы беріліп, ол қарқынды түрде дами бастады. Еліміздің әр бұрышынан қазақ тілі қоғамдары, сондай-ақ қазақ тілі комитеттері құрылып, оның деңгейін көтеру бағытында жұмыстар  белсенді түрде атқарыла бастады. Соның арқасында ресми құжаттар – қазақ, орыс тілдерінде қатар жүрсе, қазақ тілін үйретуге бағытталған оқулықтар мен тілашарлар және оқу – әдістемелік құралдар көптеп шығарыла бастады.
       Бүгінгі таңда тек қаракөз қандастарымыз ғана емес, сондай-ақ, өзге ұлт өкілдеріне арналған ұлттық мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің алдына қойылатын басты мақсат – алдымен бастауыш сынып оқушыларын белгілі дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын біреуге еркін жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің ойын ұғып, түсіне алатындай деңгейге жеткізу болып табылады.
       Әрбір мұғалім баланың байқалмай жатқан қабілеттерін анықтап, кеңінен дамытуға мүмкіндік жасауы керек деп санаймын. Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын жұмыстардың бір түрі – өлең құрастыру. Балалардың оқып жатқан пәндеріне қызықтыру арқылы сабаққа ынтасын арттырып, білім-білік, дағдыларын қалыптастыру қажет. Мұғалімнің тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін арттыру – тіл пәнін оқытудың сапасын жетілдіретін басты белгілері болып табылады. Яғни, қазақ тілі пәнін оқыту әдісінің тиімділігін арттыру пән мұғалімінің жауапкершілігіне, шығармашылық іскерлігіне, даярлық сапасына тікелей байланысты. Тіл үйретуде сөздіктің маңызы зор. Сол себепті  сабақта оқушы 4-5 сөз үйрену керек деген ұстанымды басшылыққа алу қажет.
       Орыстың атақты оқымыстысы Л.Н.Толстой: «Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғызу керек, үйренген сөзін ауызекі сөйлесу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің жеке меншігіне айналады» деп жазған болатын. Ал осы сөздік жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері алуан түрлі болып табылады. Соның ішінде ең тиімдісі, мұғалімнің оқу жылы басталысымен әр тақырыпқа қарай сөздік жұмысын дұрыс жоспарлап, оқушының сөздік дәптерін даярлатуы тиіс. Сабақта мұғалім синонимдік, антонимдік, түсіндірме сөздіктер немесе аударма сөздіктер бойынша «Мына сөздердің мәнін, мағынасын түсініп алыңдар» деген бағыттар тапсырмалар беріп отыруы керек. Алдымен білімді бастауыш сыныптардан тиімді беру керек, сол себепті –  «Сөз жарысы», «Сөзтізбек», Тізбектен шығып қалма», «Қайталай ғой», «Ұшты – ұшты» секілді ойындарды жиі өткізіп отырған тиімді.
       Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда бүгінгі күні Е.И.Пассовтың коммуникативтік оқыту әдістері тиімді деп ойлаймын. Оның негізін құрайтын қағидаларына мыналар кіреді:
  1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
  2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.
  3. Орта жағдайын ескеру.
  4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
        Жоғарыдағы пікірлерді ескере отырып, баланың ауызша тілін дамытуда мына қағидаларды басшылыққа аламын.
        1.Тіке байланыс қағидасы. Яғни, оқушы оқу кабинетіне кіргеннен қазақ тілінде сөйлейді, жүздеседі. Сабақ үстінде ребустар, анограммалар, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтады, тағы да басқа қосымша материалдар беріледі.
  1. Адамның жеке қабілетін ескеру.
      3.Сөйлеуге үйрету.
      Иұғалім оқушыларды суретпен жұмыс істетіп, диалог, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, артынан қысқаша осы тақырыпта шығарма жаздыртуы керек, сонда деңгейлеп саралап оқыту технологиясы іске қосылады. Сондай-ақ, бұл жерде профессор Ж.Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының да маңыздылығы зор болып табылады.
       Осы деңгейлеп оқытудан мынандай нәтижелер күтіледі:
      Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
      Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;
     Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;
     Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
  1. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
  2. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
        Қазақ тілін оқытуда қолданатын, оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – интерактивті әдістер. «Интерактив» сөзі бірлесіп әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.
      Дидактика ілімі бойынша оқытудың интерактивті әдістеріне мыналар жатады:
     Пікірсайыс әдісі;
      Ми шабуылы;
      Эвристикалық немесе «Сократ» әдісі;
      «Дөңгелек үстел» әдісі;
       Іскерлік рөлдік ойындар;
       Драмалау;
        Ұлттық сыныптарда қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ-жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ, сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, Эвристикалық немесе «Сократ», «Дөңгелек үстел», «Ми шабуылы» т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратыны анық. Бұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас варианттарды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері орын алады. Бұл орайда оқушылар өлең жолдарына сүйене отырып, оның жаңа нұсқасын өз ойынан құрастырады немесе берілген екі жолды өзі жалғастырады.
       Қорыта айтатын болсақ: мұғалімнің сабақ беру кезіндегі басты ұстанатын мақсаты – оқушыға әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беру, оқушы қиялын дамытуға мүмкіндік жасау болуы керек. Шығармашылықпен іздене білген мұғалім болашақта өзіндік көзқарасы толық қалыптасқан, дүниетанымы кең, білім, білік, дағдысы жоғары, бәсекеге қабілетті жас жеткіншекті тәрбиелей алады деп ойлаймын.
Гүлжанат АЯҒАНОВА,
«Баяндай негізгі орта мектебі» КММ-нің  «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі. Баяндай ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...