Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
“СЫРШЫЛ ӘУЕН” ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » “СЫРШЫЛ ӘУЕН” ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

“СЫРШЫЛ ӘУЕН” ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

           Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, «Көркемсурет» кафедрасының доценті, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы  Бүркітбаев Бақтияр Сыбанұлының, «Сыршыл әуен» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанатты кеші өтті. Бұл мерекелік кеш Темірбек Жүргеновтің  125 жылдық мерейтойына арналды.
       Тамаша өткен көрмені тамашалауға Қ.З.Халыков,  Ш.Қ.Ергөбек, Б.С.Тұрғынбай, Ж.Қ.Қайрамбаев,  Қ.С. Оразқұлова сынды өнертанушы тұлғалар әрі студенттер қатысты.
       Осы шараны тамашалаған студенттер – Бақтияр Сыбанұлының көрмесінен нағыз қылқалам шебері екенін байқады. Б.Бүркітбаевтың табиғатты көркем зерттеумен қатар, оны эстетикалық тұрғыдан әсем жеткізгені байқалды. Оның туындылары көркемдік шығармашылықтың бүгінгі деңгейінен көрініс беріп тұрды.
      Авторлық стильдер мен тақырыптық артықшылықтардың алуандығын көрсетеді. Кескіндемелік композициялардың концептуалдық шешімдерінің шегі кеңейе түскенін көреміз. Сонымен қатар, көрмеге қойылған суреттердің ішінде көпшіліктің назарын аударған туындылар көп болды.
Камила НҰРАХМЕТОВА,
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы, “Компьютерлік технологиялар“ кафедрасы, «Медиажурналистика« мамандығының 1 курс студенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...