Home » Ауыл шаруашылығы » КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ (КӨКАЛА) АУРУЫНАН САҚТАНАЙЫҚ

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ (КӨКАЛА) АУРУЫНАН САҚТАНАЙЫҚ

           Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) немесе халық аузында айтылатын «көкала» ауруы – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын адамдардың аса қауіпті ауруы. Адамдарға бұл ауру денесінде ауру қоздырғышы бар кене шаққанда, науқас адамдармен қарым-қатынаста жұғады. Аурудың негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері. Кенелер күннің көзі жылысымен жылы қанды жан-жануарларға және адамдарға шабуыл жасайды.Сондықтан адамдар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруы кенелердің белсенділігі артқан кезде жиі кездеседі, яғни көктемде наурыз-маусым мен күзде қыркүйек-қазан айларында.
      Табиғи ортада ҚКГҚ вирусы кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлар мен үй жануарларының ағзасында болады.  Географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның 4 аймағы осы аурудың табиғи ошағы болып табылады: Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы.
       Аурудың белгілері. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (көкала) ауруы аяқ астынан тез басталады.  Басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын белгілермен сипатталады – дене қызуының күрт көтерілуі, бас ауруы, тамаққа тәбетінің болмауы, буын мен белдің сырқырауы. Келесі күні лоқсуы, құсуы, іші өтуі, ине салған жерлері көгеруі, беті ісініп, қызаруы мүмкін. Ауру одан әрі дамыған жағдайда науқастың мұрнынан, қызыл иегінен, ішектен қан кете бастайды, тері бөртпелері және тері астына қан құйылу арқылы көкала дақтар пайда болады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, әлсірейді, жүректің соғуы жиілейді. Аурудың бірінші белгілері пайда болған жағдайда емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек.
       Алдын алу шаралары. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Мақтаарал аудандық филиалының мамандары (ТО АШБ «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Мақтаарал аудандық филиалы) негізгі атқаратын жұмыстарынан тыс, КҚГҚ ауруының алдын алу бойынша кенелердің белсенділігі артқан көктемде наурыз-маусым айлары мен күзде қыркүйек-қазан айларында тиісті  іс-шараларды, яғни мал қора-жайларды дезинсекциялау (кенелерді жою) және ауыл шаруашылығы жануарларына кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді.
    Аудан аумағындағы елді мекендерді кенеге қарсы залалсыздандыру іс-шараларына облыстық бюджеттен жыл сайын тұрақты түрде қаржы бөлінеді. Кенеге қарсы зарарсыздандыру іс-шаралары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік реестрінде тіркелген залалсыздандырғыш препараттарды пайдалану арқылы жүргізіледі. 2022 жылдың көктемгі кезеңінде аудан аумағындағы барлық елді мекендерде көлемі 799845 шаршы метр  мал қора-жайлар мен оған жапсарлас аумақтар  және  760392 шаршы метр  суаттар мен мал иірімдеріне залалсыздандыру  жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, 45871 бас ірі қара, түйе, жылқыны және 57003 бас қой, ешкіні кенеге қарсы зарарсыздандыру   жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда жоспарға сай Ивервет-Е (ивермектин 2%) препаратын кенеге қарсы 50 кг тірі салмаққа 1 мл мөлшерде егу арқылы  жоспарға сай егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл препараттарды пайдалану үнемді әрі тиімді. Бұл препараттар жануарлардың паразитарлы ауруларды емдеуге және алдын алуға арналған. Ивервет-Е  түссіз немесе сарғыш болып келеді. Бұл дәрі құрғақ, қараңғы жерде +8 С-пен +25 С аралығында сақталуы керек. Инъекциядан соң дәрі 10-14 күнге дейін белсенді әсер етеді. Дәрі малдың терісіне жабысып тұрған паразиттермен қоса (кене, бит, сірке т.б.) ішкі құрылысындағы көптеген зиянды құрттарды жойып, малдың тез оңалуына септігін тигізеді.
     2002  жылғы 10 шілдедегі ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабы 3 тармақшасында жеке және заңды тұлғалар аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық     (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуі тиіс – делінген. Сондықтан, жеке және заңды тұлғалар мал қара-жайларды зарарсыздандырудың (дезинсекциялау) алдында міндетті түрде ескі көң-қидан  механикалық тазарту керек. Бұл өз кезегінде дезинсекция жұмыстарының тиімділігіне оң  әсерін тигізеді.
     Сақтану жолдары. Кене шаққанда немесе кенемен жанасуда болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз. Мал жайылымдары мен далалық жерлерде, егіс алқаптарында еңбек ететін адамдар кенелер көбейген кезде сақ болғаны жөн. Жұмыс кезінде ұзын жеңді, ашық түсті киім киіп (кене бірден көзге түседі) шалбардың балағын шұлықтың ішіне салып қою қажет. Дененің барынша жабық болғаны дұрыс. Ауыл шаруашылығы жануарларын күту және қырқым кезінде арнаулы қорғаныс киім мен қолғап киюді естен шығармаған абзал. Жұмыс соңында денесі мен киімін кенеден тазартып отыруды әдетке айналдыруы қажет. Денеге кене жабысқанын байқасаңыз оны пинцетпен алып, орнын спиртпен немесе йодпен сүртеді және міндетті түрде дәрігерге көрініңіз.
И.ШЕРИЕВ,
ҚР АШМ ВБжҚК Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясының  бас маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕЗДЕСУДЕ БІРШАМА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

        ...

БЕЛЬГИЯЛЫҚ «ENABEL» ДАМУ АГЕНТТІГІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

        ...

ТЕМІРҚАЗЫҚ СЫНДЫ ЖҰЛДЫЗ ТҰЛҒА

        ...

ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІ ЭКСПОРТТАЛУДА

        ...

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...