Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Halyk Bank-ке 100 жыл! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Halyk Bank-ке 100 жыл!

Halyk Bank-ке 100 жыл!

        Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы институтының негізі қаланған алғашқы жинақ кассасы ашылды. Дәл осы күн Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің туған күні болып саналады.
      Банктің тарихы еліміздің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты деп айту артық болмас. Өз Отаны мен халқының игілігі үшін жұмыс істей отырып, Halyk жергілікті сақтандыру банкінен аймақтық көшбасшыға дейін өсті. Бүгінгі таңда банк ел өмірінде маңызды рөл атқаратын республиканың ірі қаржы тобының өзегі болып табылады. Halyk Қазақстан экономикасының нақты секторының негізгі кредиторы болып табылады, сол арқылы гүлденген қоғам орнатуға өз үлесін қосып келеді деп айту жеткілікті.
      Өзінің жүз жылдық мерейтойын Halyk Bank Қазақстан халқымен бірге атап өту дәстүрін жалғастыра отырып, «100 игі іс» іс-шарасын іске қосты. 2023 жыл бойы банк Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыратын болады.
         Halyk банктің директорлар кеңесінің төрағасыАлександр Павлов«Жүз жыл бұрын шағын жинақ кассасының ашылуымен халықпен жұмыс істеуге бағытталған заманауи банк жүйесінің іргесі қаланды. Бүгін күні сол бірінші Ақтөбе жинақ кассасының мұрагері Halyk – еліміздің барлық өңірлерінде ғана емес, Өзбекстанда, Грузияда, Қырғызстанда да жұмыс істейді. Банк халық салымдарының едәуір үлесін – 5,14 триллион теңгені шоғырландыра отырып, қоғамның жоғары сеніміне ие болып отыр, оның белсенді клиенттері– жеке тұлғалар саны 9 млн адамнан асып, Қазақстанның ірі компанияларының 80%-ына қызмет етіп келеді. Еліміздегі барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын біздің банк қаржыландырады. Бұл банктің жүз жылда жүріп өткен жолының айқын дәлелі», – деп атап өтті.
          Halyk банктің басқарма төрайымы  Үміт Шаяхметова да: «Ежелден Көктем жаңару уақыты, жаңа өмірдің бастауы іспетті. Сондықтан біз Halyk банктің жүз жылдық туған күнін қалай атап өтетінімізді осы көктем мезгілінде жариялауды жөн көрдік. Біз үшін әрбір қазақстандықтың әсем әрі бейбіт елдің мәдениеті мен дәстүрлері үйлесімділігінің бір бөлшегі екенін сезінуі өте маңызды. Іс-шара «100 жыл халықпен бірге» ұранымен өтеді. Бұл біздің халықпен ынтымақты бірлікте болуға деген ұмтылысымызды толық көрсетеді, әрі қарай дамуға күш беріп, жігерлендіреді. Біз өз тарихымызда ешқашан сырттай бақылаушы болған емеспіз және оны мақтан тұтамыз. Біз қиын сәттерде көмек қолын созып, жеңістеріміз мен жетістіктерімізді қуана бөлісіп келеміз. Halyk банк – елімізбен бірге дамып, халықтың сенімді серігіне айналды. Halyk банк халық үшін қызмет етеді», – деп өз ойын білдірді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...