Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ НЫҒАЯ ТҮСТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ НЫҒАЯ ТҮСТІ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛ НЫҒАЯ ТҮСТІ

        Мақтаарал ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жобалар экономиканың дамуына серпін беріп, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал етуде.
       2025 жылы ауданға тартылатын инвестиция көлемі 51 млрд. теңге деп жоспарланған еді. Алайда, жыл қорытындысымен бұл жоспар 110%-ға орындалып, аудан экономикасына жалпы 56,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Өткен жылы 8 жоба іске қосылып, 153 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. 2026 жылы инвестиция көлемі 60 млрд теңгеге дейін ұлғаюы күтілуде. Қаңтар-маусым аралығында 23,4 млрд. теңге инвестиция тартылып, жоспар артығымен орындалды.
       2026–2028 жылдары Мақтаарал ауданында жалпы құны 110,5 млрд теңге болатын 19 жоба іске асырылмақ. Олар нәтижесінде 1207 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жобалардың бір бөлігі жергілікті кәсіпкерлер, қалғаны шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асуда.
       Жергілікті кәсіпкерлер 3,9 млрд. теңгеге 4 жоба іске асыруда, олар 236 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Соның ішінде «Мырза» ЖШС ет өнімдерін терең өңдеуге арналған цехты іске қосуда. Қазір жартылай дайын өнімдер бөлімі жұмыс істеп тұр, ал ет өңдеу толық көлемде биылғы жылдың соңында басталады. «Халық» ЖШС 2 млрд теңгеге тігін өндірісін дамытып, құрал-жабдықтарды орнатып, кадрларды даярлап жатыр. «Хамро Ата» ЖШС мақта майы зауытын салып, құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталды, оны биылғы үшінші тоқсанында іске қосу күтілуде. «Тамила» шаруа қожалығы мал бордақылау кешенін салып, жыл соңына дейін 2000 басқа арналған орын пайдалануға беріледі, ал 2027 жылы қуаты 5000 басқа дейін ұлғайтылады.
       2014 жылы құрылған 24 гектарлық индустриалды аймақ түгелдей игеруге жақын. Қазірте өңдеуде небәрі 1 гектар бос жер қалған. Биыл индустриалды аймақта 6 жоба іске қосылып, 91 жаңа жұмыс орны ашылады. Олар арасында мата, темір-бетон, асфальт-бетон, мақта талшығы мен майы өндірістері, сондай-ақ пластикалық өнімдерді қайта өңдеу кәсіпорындары бар. Көп жобалардың құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтар орнатылуда.
       Арнайы экономикалық аймақта 104,2 млрд теңге құны бар 5 ірі жоба жүзеге асуда, олар іске қосылғанда 845 адам тұрақты және маусымдық жұмысқа орналастырылады. «БНК групп» 8 броунфилд өндірістік алаңдарын аяқтап, «HanYa Holdings», «Мақтаарал Xing Feng», «Каз Про Темир» ЖШС-тері өндіріс нысандарының құрылысын қарқынды жүргізуде. Жобалар 2026–2028 жылдары толық пайдалануға беріледі.
       Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мақтарал ауылдық округінен 2 гектар жер бөлініп, 5 өндірістік ғимарат салынды. Қазіргі таңда 540 млн теңге көлеміндегі жобаларды жүзеге асыратын 5 кәсіпкермен меморандумға қол қойылды. Олар ғимараттарды жалға алу немесе сатып алу арқылы кәсіптерін бастайды. Екі кәсіпкерді жеңілдетілген несиеге «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қолдау қарастырылып жатыр.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚ КІРІСІН АРТТЫРУ

        ...

Сайлауға белсенді түрде қатысайық!

        ...

Ел болашағына бейжай қарамайық!

        ...

КӘСІПКЕРЛІККЕ СЕРПІН – ӨҢІР ДАМУЫНА СЕРПІН

      Мақтаарал ...