Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ДА EGOV.KZ ПОРТАЛЫ ЖӘНЕ EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ҰСЫНУҒА БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ДА EGOV.KZ ПОРТАЛЫ ЖӘНЕ EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ҰСЫНУҒА БОЛАДЫ

ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ДА EGOV.KZ ПОРТАЛЫ ЖӘНЕ EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ҰСЫНУҒА БОЛАДЫ

            Енді мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларацияны eGov.kz порталыжәне eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ұсына алады.
          2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациядау кезең-кезеңімен өткізіледі. Осыған байланысты, бірінші болып мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары декларация тапсырды. 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250 нысан) ұсынған жеке тұлғалардың деректерінде 2022 жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270 нысан) табыс ету міндеттемелері туындайды.
          Декларацияда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банк шоттарындағы ақша, сондай-ақ ҚР-нан тыс жерлердегі мүлік туралы ақпарат көрсетілуі қажет.
          Екінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250 нысан) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайлары табыс етеді.
          «ҰАТ» АҚ командасы мен ҚР қаржы министрлігімен бірлесіп eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық өтініш беру үшін жаңа қызметті іске қостық. Бұл өте ыңғайлы және қызметкерлердің уақытын үнемдейді, сонымен қатар онлайн форматта тапсыру мерзімі қағаз түріне қарағанда кешірек, бұл қазақстандықтарға декларацияны уақытылы тапсыруға көмектеседі»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
          Декларацияны тапсыру мерзімі:
1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жағдайда 15 шілдесінен кешіктірмей, ал электрондық түрде — 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыру қажет.
           Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау қызметі eGov.kz порталда «Азаматтарға» — «Кеден және салықтар» — «Салық салу» бөлімінде қолжетімді. Дәл осы қызметті eGov mobile мобильді қосымшасында «Қызметтер» — «Арнайы қызметтер» бөлімінде алуға болады.
           Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) арқылы да ұсынуға болады және eSalyq azamat мобильді қосымшасы.
             Қызмет ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...