Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР ҚЫРЫҚҚАБАТ ЕГУДІ БАСТАДЫ

        Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласы саналатын Жетісай ауданының шаруалары үшін еккен егін мен жиналған өнімнің бітік шығып, зая болмағаны аса маңызды. Өйткені, өнімнің мол болуы, нарықта жоғары бағада сатылуы – әлеуметтің әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді.
       Өзге өңірлерге қарағанда көктемі ерте келетін Жетісай ауданында дихандар ақпан айының басында қырыққабат егуді бастады.
      Егістікке ерте тұқым сеуіп, бүгінде күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп отырғандардың бірі Есполат Өмірхан. Жалпы иелігінде 3 гектар жері бар Жетісай ауданы Абай ауылдық округінде орналасқан шаруа қожалығы бүгінгі таңға дейін 1,5 гектарға орамжапырақтың ерте пісетін «Зарисма» сортынан 28 мың түп егіп отыр. Өткен жылы «Пушма» сортынан 25 мың түп егіп, Ресей асырған. Биылғы өнім де жақсы болатынына сенімді.
      «2014 жылдан бері отбасымызбен диқаншылықпен айналысамыз. Негізгі күн көрісіміз де осы. Мұнда қазір 30 адам жұмыс істеп жатыр, жұмысшыларға күніне 5000 теңгеден еңбекақысын төлеп отырмыз. Құдай қаласа наурыз айында ортасындағы ашық жерге қауын егіп, бір жерден екі өнім алатын боламыз. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек» дейді шаруашылық төрағасы Есполат Өмірхан.
        Аталмыш алқапта бүгінде 30-ға тарта жергілікті тұрғын еңбек етіп, нәпақы тауып жүр. Күнделікті ақылары 5 мың теңге.
       Ерте көктемнен бастап қырыққабат егуге, сонан соң қауын-қарбыз егуге, жинауға қатысатын ауыл азаматтары күзгі мақта терімнен де қалыс қалмайтындықтарын айтады. Бір жылдың 11 айында егістік алқаптарда жұмыс жасап, қыстың 1 айында ғана бос болатынын айтқан Әтіркүл Еспенбетова бір отбасыдан 2-3 адам жұмысқа ерінбей шықса тәп-тәуір табыс табуға болатынын алға тартады.
       Айта кетейік, өткен жылы ауданның ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған 78,5 мың га. егістіктің 49,5 мың гектарына мақта, 15 мың гектардан астамы бақша, 10,7 мың га. мал азықтық, 3,2 мың гектарына көкөніс егіліп, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнім көлемі 105,7 млрд. теңгені құраған.
       Ерте егілген көкөніс дақылдарынан 79 мың тоннадан астам, бақша дақылынан 474,5 мың тоннадан астам, дәндік жүгеріден 29,5 мың тонна, жоңышқадан 46,2 мың тонна өнім алынып, 292 шаруа қожалық иелері 1103 га жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...