Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мырзакент оңалту орталығында көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған «Сезім ұшындағы жарық» атты мәдени-рухани іс-шара өтті.
      Шараның басты мақсаты – ерекше жандарға рухани қолдау көрсету, олардың қоғаммен байланысын нығайту, мәдени демалысын мазмұнды ұйымдастыру, өнер арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлау және мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу болды.
      Іс-шара барысында мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, қатысушыларға ерекше құрмет көрсетілді. Сонымен қатар түрлі танымдық ойындар мен қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып, көпшілік белсенділік танытты. Әрбір өнер нөмірі мен әсерлі кездесу қатысушылардың көңілінен шығып, кештің мазмұнын байыта түсті.
       Мұндай мәдени-рухани кездесулер ерекше жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына, олардың өмірге деген сенімі мен құлшынысын арттыруға, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Бұл – қамқорлық пен жанашырлықтың, ізгілік пен адамгершіліктің жарқын көрінісі.
      Рухани кештің соңында Мырзакент оңалту орталығының қызметкерлері, мәдениет үйінің қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, осындай тағылымды әрі жүрекке жылу сыйлайтын шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.
С.ҚУАНЫШБЕК.
Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...