Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
МЕКТЕПТЕ АЙДАРХАН ӨТЕНҰЛЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МЕКТЕПТЕ АЙДАРХАН ӨТЕНҰЛЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

МЕКТЕПТЕ АЙДАРХАН ӨТЕНҰЛЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

       Жетісай ауданы, Асықата кентіндегі «Асықата» жалпы орта мектебі КММ-де «Өнегелі өмір – ұрпаққа мұра»   акциясы аясында өңірімізге жақсы танымал тұлға  болған Айдархан Өтенұлына арналған мұражай ашылды. Бұл мұражайдың дәл осы жерде ашылуының өзіндік себебі де бар. Айдархан ақсақал көзі тірісінде бұл білім ордасына барынша камқорлық жасаған болатын, тіпті мектептің үздік шәкірттеріне арнайы стипендия да тағайындап тұрған болатын. Ал бүгіндері оның ұрпақтары сол игі дәстүрді жалғастырып отыр.

         Айдархан ақсақалдың ұрпақтарының ұсынысымен ашылып отырған осы мұражайдың ашылу салтанатына оның жұбайы Қызылгүл апа мен онымен бірге талай жыл еңбек еткен азаматтар қатысты.
        Осы игілікті шараны ашып, жүргізіп отырған мектеп директоры Бектұрсын Шойбеков мырза өз сөзінде ол кісінің осы білім ордасына жасаған көптеген жақсылығын қысқаша тоқталды, сондай-ақ өз сөзінде ол кісінің тек біздің өңірімізге ғана емес, еліміздің бүкіл мақта саласын дамытуға біршама үлес қосқанын да атап өтіп, келген қонақтарға сый-құрметтер көрсетті.
         Шара барысында А.Өтенұлының көзін көрген азаматтар ол туралы өздерінің қызықты  естеліктерімен бөлісті. Ал өз кезегінде Айдархан ақсақалдың жұбайы Қызылгүл апа мектеп ұжымына өз алғысын білдіріп, білім ордасына отбасы атынан сый-сияпаттар жасады.

           Салтанатты шараның соңы  мектеп оқушылары тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласып, шара қонақтарына қуанышты көңіл-күй сыйлады.
         Айта кетерлігі Айдархан Өтенұлы ақсақал 1970 жылдың тамызында сол кездегі Киров мақта тазалау зауытының  (қазіргі Асықата кентіндегі «Ақ алтын» ААҚ) бас инженері, 1984 жылдан осы зауыттың  директоры болып көптеген жылдар бойы жұмыс істеген болатын. Ол аудан, облыс халқының экономикалық-әлеуметтік дамуына, мәдениетінің өркендеуіне, қайырымдылыққа қосқан ерен еңбектері үшін бірқатар мемлекеттік және қоғамдық наградаларме марапатталған. 1999-2012 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2,3,4 шақырылымдағы депутаты болса, 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы болды.
Сатыбалды  ЖҮНІСБЕКОВ,  Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...