Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру ұйымдарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерді аралап, құрылыс сапасы мен жұмыс қарқынын бақылауға алды.
Мониторинг барысында аудан әкімінің орынбасары күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Мырзакент», «Мақтаарал» мектеп-гимназиялары мен О.Бапышев және «Жаңа жол» жалпы орта мектептеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда бұл білім ошақтарында ғимараттардың қасбеттері жаңартылып, шатырлары ауыстырылуда, инженерлік желілер жаңғыртылып, ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда.
Сонымен қатар, «Нұрлытаң», Ы.Алтынсарин, И.Панфилов, А.Навои атындағы және өзге де мектептерде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілді. Ал Қ.Үкібаев, Ш.Бектасов, Әл-Фараби және М.Ғабдуллин атындағы мектептерде жөндеу жұмыстары толық аяқталып, олардың нәтижесі бағаланды.
Нысандарды аралау барысында Бижан Анарбеков мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды. Ол барлық жұмыстардың құрылыс нормалары мен техникалық талаптарға толық сәйкес орындалуын, сапалы материалдардың қолданылуын, еңбек қауіпсіздігінің сақталуын және нысандардың белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін тапсырды.
– Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуы – басты міндеттердің бірі. Сондықтан әрбір жөндеу жұмысы сапалы орындалып, мектептер жаңа оқу жылын толық дайындықпен қарсы алуы тиіс, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Қазіргі таңда мектептерде оқу кабинеттері, зертханалар, дәліздер мен санитарлық тораптар жаңартылып, электр, жылу және сумен жабдықтау жүйелері кезең-кезеңімен жөнделуде. Сонымен бірге мектеп аулаларын абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдары мен спорт алаңдарын ретке келтіру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл Мақтаарал ауданында 4 мектепте күрделі, 9 мектепте ағымдағы жөндеу жоспарланған. Бүгінде 5 мектепте жұмыстар жалғасса, 4 мектепте жөндеу толық аяқталған.
Білім беру ұйымдарын жаңғыртуға бағытталған бұл жұмыстар оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырып, жаңа оқу жылын жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...