Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА БІЛІМ АЛДЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА БІЛІМ АЛДЫМ

КИЕЛІ БІЛІМ ОРДАСЫНДА БІЛІМ АЛДЫМ

        Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің құрылғанына биыл 60 жыл толып отырғанын үлкен қуанышпен атап өтудемін. Бұл оқу орны – менің жүрегіме жақын, өмір жолымның бастауына айналған киелі білім ордасы. Осындай мерейлі дата қарсаңында студенттік жылдарымды ерекше сағынышпен еске аламын.
      Мен 1992–1994 жылдары осы колледжде «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша білім алдым. Ол жылдар мен үшін тек білім алумен ғана емес, тұлға болып қалыптасу кезеңімен де ерекшеленді. Колледж қабырғасында алған білімім мен тәрбием бүгінгі ұстаздық жолымның берік іргетасына айналды.
        Сол жылдары білім ордасын Әбдіжаллил Усманов ағай басқарды. Оның білікті басшылығы мен талапшылдығы бізге үлкен жауапкершілік жүктеді. Орынбасары Жақсылық Нуралиев ағай да студенттердің сапалы білім алуына ерекше көңіл бөлетін. Алғашқы кураторымыз Әбдіқұл Боранбаев ағай болса, кейіннен Айтбай Тлесов ағай жетекшілік етті. Олар бізге тек білім беріп қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді бойымызға сіңіруге ықпал етті.
       Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәлік Ырсымбетов ағай студенттер мен ұстаздар арасындағы байланысты нығайтып, баршамызға қамқорлық танытатын жан еді. Ұстаздарымыздың әрқайсысы өз ісінің нағыз мамандары болатын. Олардың берген білімі мен көрсеткен бағыт-бағдары біздің болашақ маман болып қалыптасуымызға үлкен әсер етті.
        Студенттік шақ – адамның өміріндегі ең қызықты кезеңдердің бірі. Біз сол жылдары білім алып қана қоймай, түрлі мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатыстық. Әр сабақ, әр кездесу біз үшін жаңа мүмкіндік пен жаңа тәжірибе болды.
        Бүгінде мен Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ұстаздық қызмет атқарып келемін. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында колледж қабырғасында алған білімім мен тәжірибемнің пайдасы зор. Сол жылдары үйренген әрбір дағды мен құндылық бүгінгі еңбегімде өз жемісін беріп келеді.
       Мен үшін Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі – тек білім алған оқу орны ғана емес, өмірлік жолымды айқындаған қасиетті мекен. Бұл оқу орны талай шәкіртке сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, оларды үлкен өмірге қанаттандырған киелі білім ордасы болып қала береді.
       Осындай білім ордасында білім алғанымды мақтан тұтамын. Колледж ұжымына алдағы уақытта шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілеймін. Ал білім алып жатқан жас ұрпаққа тек биік белестерді бағындырып, ел игілігі жолында қызмет етулеріне тілектеспін.
Оңғарбаева Венера Маратқызы
Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 01 шілде. ...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Қымбатты отандастар! Қадірлі депутаттар ...

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖАҢА ҚАДАМ

        ...

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

        ...

БАҚЫТ АСАНОВ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

      Мақтаарал ...

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...