Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ: «ӘДІЛДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ: «ӘДІЛДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

           2025 жылдың  желтоқсан айының алғашқы аптасында, «Ауыл» партиясы Абай  облысы бойынша өңірлік филиалы жастармен дәлірек айтқанда, «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжінің» 1-курс студенттерімен ашық әрі еркін форматтағы кездесу өткізіп, «Әділдік пен жауапкершілік» идеологемасының негізгі мазмұнын  түсіндірді. Жиынға, партия белсенділері, бір топ жастар қауымы  қатысты.
          Кездесу барысында,  партия өкілдері аталған идеологеманың қоғамдағы маңызын, мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынастағы рөлін талқылады. Әділдік, ашықтық, жауапкершілік, заң үстемдігі, азамат құқығын қорғау, әлеуметтік қолдау және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселелері сөз болды.
          Спикер Е.Омарғалиевтің  айтуынша, «Әділдік пен жауапкершілік» – тек ұран емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында басым бағыттардың бірі. Әрбір мемлекеттік орган, қызметкер және қарапайым азамат осы қағиданы күнделікті өмірде ұстанғанда ғана қоғамда сенім мен тұрақтылық қалыптасады.
          Аталған кездесуде, сондай-ақ, жастар қауымы өз ойларын ортаға салып, сауалдарын қойды. Сонымен де  жергілікті өзекті деп танылған кей мәселелер көтеріліп, тиісінше бірер ұсыныстар жасалды. Партия өкілдері А.Жакупова мен Е.Омарғалиев  барлық ұсыныс пен сұрақтың назарға алынатынын және де өз шешімін табатынына сенім білдірді.
         Жиын соңында, қатысушылар, мұндай ашық форматтағы кездесулердің қоғамға пайдалы екенін айтып, бірқатар бастамаларды қолдады.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...