Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919
ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН — САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

          2025 жылдың 3 желтоқсанында, Жарма ауданына айтулы күндердің бірі болды. Бұл күні «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы ауданға арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапарда, ауданның Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік құрылымдарының қызметімен танысып, бірқатар мекемелердің басшыларымен кездесті. Сонымен қатар, партияның 25 жылдық мерейтойына орай ауыл шаруашылығы саласында жауапты қызмет атқарып жүрген мамандарға мерекелік медальдар табыс етілді.
         Кездесу барысында, ең алдымен, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясының»   басшысы Нағыметжанова Сания Ганиевна «Ауыл» партиясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
         Айта кету керек, Сания Ганиевна – ауданның Ауыл   шаруашылығы бағытындағы қауіпсіздік пен бақылау саласында бірқаншама жылдық тәжірибесі бар білікті басшы. Оның ауылдық аймақтағы өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау, ветеринариялық талаптардың сақталуын қадағалау, аграрлық салада қауіпсіз еңбек орта қалыптастыру бағытындағы еңбегі атап өтіліп, марапат иесіне партия атынан жылы лебіз айтылды.
          Сонымен қатар, «Абай облысы Жарма ауданы Кәсіпкерлік және Ауыл шаруашылығы бөлімінің» басшысы Абишева Гульназ Кенжебаевна да осы мерекелік медальмен марапатталды.
         Гүлназ Кенжебаевна ауданның экономикалық дамуына, ауыл шаруашылығы жобаларын қолдау, шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізіп жүрген білікті мамандардың бірі ретінде танылды. Оның ауыл кәсіпкерлігін дамытудағы бастамалары мен аграрлық саланың тиімділігін арттыру жолындағы жүйелі еңбегі ерек бағаланды.
         Сапар аясында, Қайрат Қанатұлы аудан басшыларымен және сала мамандарымен ауыл шаруашылығын дамыту, аграрлық секторды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, ауылдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін талқылап өтті. Сонымен қатар, өңірлік филиал тарапынан алдағы уақытқа жоспарланған жобалар туралы мәлімет беріліп, бірлескен жұмысқа дайындық білдірілді.
        Мұндай мерекелік марапаттардың табысталуы – Ауыл шаруашылығы саласында елеулі еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби жауапкершілігін, олардың өңірдің дамуына қосқан үлесін бағалаудың жарқын дәлелі іспетті.
         Аталған іс-шара, Жарма ауданы қызметкерлерінің есіл еңбегін дәріптеп, аграрлық саладағы ынталандыру мен қолдаудың жақсы үлгісі  деп атап айтуға тұрарлық дүние.
 «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.   

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...