Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
600-ден астам оқушы STEAM тегін білім беру бағдарламасын аяқтады - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 600-ден астам оқушы STEAM тегін білім беру бағдарламасын аяқтады

600-ден астам оқушы STEAM тегін білім беру бағдарламасын аяқтады

       Атырауда 600-ден астам оқушы STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) тегін білім беру бағдарламасын аяқтады. Курс Абай атындағы Оқушылар сарайында орналасқан JasSpace кеңістігінде өтті. Білім беру кеңістігі «Шеврон» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қорының JasSpace: «Атырау жастарын дамыту бастамасының бөлігі» ретінде жұмыс істейді.
       JasSpace мынадай бағыттар бойынша тегін курстар ұсынады: анатомия, химия, робототехника, техникалық ағылшын тілі, сөйлесу бағытындағы ағылшын тілі, экология, видеография, 3D модельдеу және басып шығару, ағаш өңдеу және инженерияға кіріспе. Бағдарлама балаларды оқытумен қатар, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды көздейді. Осылайша, тамыз айында 160 мұғалім қазақ және орыс тілдерінде STEAM тәсілін қолдану бойынша оқыту курсын аяқтады.

       Қазақстан президенті Қ.К.Тоқаев 10 қараша күні Атырау облысына жұмыс сапары барысында аталған кеңістікте болды. Президентіміз 7-11 сынып оқушыларының жобаларымен танысып, JasSpace-тен болашақ ғалымдар мен нағыз шеберлер шығатынын атап өтті: «Облыста жұмыс істейтін шетелдік компаниялар білім беру, денсаулық сақтау және экология салаларындағы аймақтық мәселелерді шешуге атсалысуы керек. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, бұл жұмысқа инвесторларды тартуы қажет. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аудару керек. Бұл мәселені Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қарауына енгізу керек. Мемлекет мүддесін ескере отырып, инвесторлармен бас келісімдер дайындау мәселесін тездетуге тапсырамын”.
       JasSpace жобасының табысты болуы білікті тренерлер мен инновациялық бағдарламаның арқасында ғана емес, сонымен қатар заманауи жабдықтардың мүмкіндігінен. Осылайша, “Шеврон” компаниясы Абай орталығын салып, STEAM кеңістігін 3D принтерлермен, лазерлік станоктармен, фрезерлік станокпен, токарлық станоктармен, Arduino жинақтарымен және басқа да жабдықтармен жабдықтады. Бұл қалада STEAM білім беруді белсенді дамытуға мүмкіндік береді.
      «Білім беру орталығының басты ерекшелігі – оқытуда STEAM тәсілін қолдану студенттердің негізгі құзыреттері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді: жүйелі ойлау, икемділік, бейімделу, топтық жұмыс, коммуникативті дағдылар, шығармашылық, көшбасшылық және тұтынушыға бағдарлану. Студент курстарда тәжірибе жүзінде алған білімін тексере алады. Тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар жүргіземіз. Осы немесе басқа идеяны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар бала, әрине, одан әрі дамиды», — деді Еуразия бағдарламасының менеджері Салтанат Ноғайбаланова.
Әдемі МҰСАБЕК, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 1-курс студенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...