Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ: ҚАРАҒАНДЫДА ӨТКЕН ТОПТАСТЫРЫЛҒАН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ: ҚАРАҒАНДЫДА ӨТКЕН ТОПТАСТЫРЫЛҒАН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ: ҚАРАҒАНДЫДА ӨТКЕН ТОПТАСТЫРЫЛҒАН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

      Ағымдағы жылдың 28 қарашасында,  Қарағанды қаласында «Ауыл» партиясының – Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңірлік филиалдары қатысқан топтастырылған семинар өтті. Іс-шара, салтанатты түрде ашылып, ауыл шаруашылығы саласындағы үздік мамандарды марапаттау рәсімімен жалғасты.
        Семинардың модераторы, партияның Қарағанды облыстық филиалының өкілі Омарханов Никанбай Иманғалиевич қатысушыларға сәттілік тілеп, жиынды ашып берді. Партия Төрағасының орынбасары Қуаныш Қабыкенұлы Сейтжанов құттықтау сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлеріне арнайы Төсбелгілер табыстады. Сонымен қатар, партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге салтанатты түрде партиялық билеттер ұсынылды.
      Абай облысы бойынша өңірлік филиал атынан Б. Ерсаина, А. Жакупова, Е. Омарғалиев және партия белсенділері – Семей қаласының түрлі сала мамандары мен «Жастар қанатының» студенттері қатысып, семинар жұмысына барынша атсалысты.
      Семинар бағдарламасының мазмұны мәнді, ауқымды тәжірибеге бағытталған дәрістер мен практикалық сессияларға негізделді. Қатысушылар, қоғамдық-саяси жұмыс, коммуникация, жастар саясаты, жеке бренд қалыптастыру және ауылдық жобаларды дамыту бойынша құнды мағлұмат алды.
       Ұсынылған негізгі тақырыптар:
* Партиялық құрылыс және қоғамдық өзара әрекеттестік негіздері тақырыбы бойынша дәріскер – Қасымқанова Әсел Жәкияновна тәжірибесімен бөлісті.
* Жастармен жұмыстың тиімді құралдары тақырыбы бойынша – Рахымбек Даурен Берікбайұлы практикалық әдістерді таныстырды.
* Жеке бренд. Қазақ киіз үйлерін инновациялық технологиямен өндіру тақырыбы бойынша – Танибергенова Алтынай Мұратжановна тың идеялар ұсынды.
* «Токсумак» Агротуристік базасы тақырыбы бойынша – ауыл шаруашылығы мен туризмді ұштастырған табысты жоба туралы Омаров Олжас Қаржасович баяндады.
* «Ауыл» бірыңғай экожүйесі: Адамдар. Коммуникациялар. Шешімдер тақырыбы бойынша – Шиллер Марина Васильевна кәсіби коммуникация мен тиімді шешім қабылдауға қатысты маңызды іс-тәжірибе мен бірге толымды ақпарат берді.
        Семинар қатысушыларға жаңа идеялар мен көзқарастар қалыптастыруға, кәсіби қабілеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал етті. «Ауыл» партиясы үшін мұндай білім беру алаңдары – тәжірибе алмасуға, ортақ міндеттерді талқылауға және ауыл аймақтарының болашағына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
         Мұндай өңірлік семинарлардың өзіндік мән-мазмұны — барлық қатысушыларға жаңаша ойлаумен серпіліс сыйлары айқын.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

        ...

БАҚЫТ АСАНОВ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

      Мақтаарал ...

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...