Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕГІ: ӘБІЛ-СЕРІК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕГІ: ӘБІЛ-СЕРІК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕГІ: ӘБІЛ-СЕРІК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

          Киелі Семей шаһарында, қарашаның 28 күні, «Абай атындағы әмбебап кітапханасында» Құнанбай қажы атындағы «Алаш» аудармашылар одағының Директоры, Филология ғылымдарының магистрі, журналист, кәсіби аудармашы, салыстырмалы әдебиеттану теоретигі және терминтанушы Әліәкбар Әбіл-Серік Әбілқасымұлының Әдебиеттану мен Мәшһүртану салалары және тағы басқа да әдеби-ғылыми, аударма еңбектеріне арналған 9 жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
           Шараға әдебиет пен ғылым саласының белгілі өкілдері, оқытушылар қауымы, студенттер және жалпы шығармашылықтағы тұлғалар қатысты. Қатысушылар, автордың еңбектерінің қазақ ғылымы мен руханияты үшін маңызын атап өтіп, олардың қазіргі әдебиеттану және аударматану бағыттарына қосқан үлесіне тоқталды.
       Мәдениет жанашыры, әнші әрі жыршы Құсмілия Жырғалұлы Нұрқасым    әдебиеттің рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі туралы сөз қозғап, жас қаламгерлерге үлгі боларлық еңбектердің жарыққа шығуы – қуанышты құбылыс екенін жеткізді.
         «Әлихан Бөкейханов университетінің» профессоры Сейітова Шынар Ботайқызы автордың ғылыми ізденістерінің тереңдігін, еңбектерінің әдебиеттану ғылымына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
          Шараға арнайы қатысқан «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы тіл мен мәдениетті дамытудағы бұл кітаптардың маңызын тілге тиек етіп, авторға арнайы партия атынан «Алғыс хат» табыстап, тұсаукесер рәсіммен құттықтай келе, «30 жыл шығармашылық жолдағы» мәртебелі еңбектің еленуін, сондай-ақ, болашақта, «Мәдениет саласына қосқан үлесі үшін» марапатқа ұсыну туралы ұсыныс білдіретінін алға тартты.
         Тұсаукесерге қатысқан Семей Медициналық колледжі мен Шәкәрім жоғары колледжінің студенттері жаңа айтулы әдеби еңбектермен танысып, авторға өздерінің сұрақтарын қойып, еркін ой-пікірлерімен бөлісті. Жастардың ғылыми қызығушылығын арттырған мұндай ауандағы кездесудің қатысушылар үшін тағылымдық мәні зор екенін айта кету керек.
         Аталған әдеби іс-шара, жаңа ғылыми бағыттармен таныстырып, әдебиет пен мәдениеттің өзара сабақтастығын айқындаған мағыналы жиын ретінде есте қалды.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

        ...

БАҚЫТ АСАНОВ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

      Мақтаарал ...

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫНА 760 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

      Жекеменшік ...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...