Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

Журналистердің апелляциялық шағымын сот қанағаттандырмады

         23 қаңтар 2025 ж.  Астана қаласы. Астана қалалық соты Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидасын» бекітетін бұйрығының ережесіне қарсы дауласқан тоғыз журналистің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Журналистер бұл нормативтік акт сөз бостандығы мен ақпарат таратудағы конституциялық құқығымызды бұзады деп мәлімдейді. 
         Олар аккредиттелген журналистердің мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты журналистке аккредиттелгеннен басқа БАҚ-та таратуына тыйым салатын тармаққа наразы. Бұл талап екі рет бұзылған жағдайда журналист алты айға дейін аккредитациясынан айырылуы мүмкін.
         Бірінші инстанциядағы сот шешімінде Ереженің даулы тармағы «сөз бостандығын шектейтін норма емес» деп көрсетілді. Журналистер бірінші сатыдағы соттың тұжырымы істің мән-жайына және дауланған нормативтік құқықтық актінің мазмұнына, осы құқықтық норманың сөзбе-сөз берілуіне сәйкес келмейді деп есептейді. Сот даулы құқықтық норманы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бабының нормаларын бұза отырып түсіндірді, оған сәйкес азаматтық заңнаманың нормалары ауызша айтылуының тура мағынасына сәйкес түсіндірілуі тиіс.
        Талапкерлер бірінші инстанциядағы сот Қазақстан Конституциясының 20-бабы мен 39-бабының 1-тармағын бұзу негізін іс жүзінде қарастырмаған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде ақпаратты тарату әдістері, тек заңмен шектелуі мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдаған ереже заңға тәуелді акт, сондықтан журналистердің ақпарат тарату құқығын шектей алмайды, дейді.
        Сонымен қатар, журналистер Мәдениет және ақпарат министрінің 20 тамыздағы бұйрығының 4-тармағына қарсы (бұйрық ресми жарияланғанға дейін алты күн бұрын күшіне енді) дауласады. Талап арызда Конституцияның 4-бабының 4-тармағының бұзылғаны көрсетілген. Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолданудың міндетті шарты — ресми жариялауды талап етеді.
         Бірінші инстанциядағы сот іс жүзінде көрсетілген талаптың негізін қарастырған жоқ, бірақ «ресми жарияланғанға дейін ережелерді енгізу талапкерлердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды» деген қорытындыға келді. Сот бұл тұжырымның негіздемесін шешімде келтірмейді.
         Бүгінгі сот отырысында журналистердің өкілі, «Әділ сөз» қорының заңгері Сергей Уткин «Журналистерді аккредитациялаудың үлгілік қағидаларының» 11-бабының 1-тармағының мәнін әртүрлі түсінбес үшін және даулы нормадағы сөз тіркесінің баршаға ортақ дұрыс мағынасын анықтау мақсатында сот-филологиялық сараптама тағайындау туралы өтініш берді. Алайда сот мұндай сараптаманың қажеті жоқ деп есептеп, өтінішті қанағаттандырмады. Бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды, ал журналистердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Соған қарамастан, талапкерлер күресті жалғастыруға және шешімді кассациялық инстанцияда даулауға ниетті. «Әділ сөз» қоры сот шешіміне көңілі толмағандығын білдіріп, ақпаратты еркін тарату құқығы мен журналистік тәуелсіздікті  қорғауға ұмтылған журналистерді қолдауды жалғастырады. 
«Әділ сөз» қоры.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...