Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

             Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бағытында Түркістан облысы құрылғаннан бері инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауымен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау және инвесторлардың мәселелерін жедел шешу бойынша кешенді шаралар қолға алынған.
      Түркістан қаласының рухани және туристік орталық ретінде қарқынды дамуы да өңірге тартылатын инвестиция көлемінің артуына оң әсерін тигізді. Соның нәтижесінде соңғы 8 жылда облыс экономикасына жалпы көлемі 7 трлн. 570,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн 745,6 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өсті. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 314,1 млрд. теңгені құраған болатын.
      Инвестициялық белсенділік биыл да жоғары қарқынмен жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы бес айында өңір экономикасына 614,2 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150,5 пайыздық өсімді көрсетеді. Өткен жылдың бес айында инвестиция көлемі 387,8 млрд. теңге болған. Сонымен қатар, 2025 жылдың қорытындысымен облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2 млрд. АҚШ долларына жетіп, жоспарланған көрсеткіш артығымен орындалды.
        Биыл жалпы құны 369 млрд. теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
         Бүгінде Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастырылған. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Оған қоса, негізгі инвестициялық алаңдар бар. Атап айтқанда, «Turan» арнайы экономикалық аймағы, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, индустриялық аймақтар және облыстық барлық аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер қарастырылған.
        Алдағы уақытта да өңір экономикасына инвестиция тарту жұмыстары жалғасып, жаңа өндірістерді іске қосу, экспорт көлемін ұлғайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жобаларға басымдық берілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ: 140 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Қазақстанда 25 маусымда техникалық ...

«КЕЛЕШЕК» – БОЛАШАҚ БІЛІМГЕ ЖАСАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Бұл қазақстандықтардың көпшілігінің ақшасын ...

БЮДЖЕТТІ ИГЕРУ, СУ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

АУДАНДА ТӨРТ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

        ...