Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 АУДАНДА ТӨРТ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУДАНДА ТӨРТ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

АУДАНДА ТӨРТ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

         Мақтаарал ауданында білім беру саласының инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Оқушылардың заман талабына сай, қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда білім алуына жағдай жасау мақсатында аудандағы бірқатар білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
        Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары бүгінде «Мырзакент» мектеп-гимназиясында, «Мақтаарал» мектеп-гимназиясында, О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінде және «Жаңа жол» жалпы орта мектебінде белгіленген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр. Қазіргі таңда мердігер мекемелер ғимараттардың сыртқы қабырғаларын заманауи материалдармен қаптау, шатырларын жаңарту, қасбеттерін ретке келтіру және мектеп аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
        Жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімін бақылау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков аталған білім беру нысандарын аралап, құрылыс барысымен танысты. Жұмыс сапасын егжей-тегжейлі зерделеген ол мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, құрылыстың әр кезеңін белгіленген талаптарға сәйкес орындаудың маңыздылығына тоқталды.
       Кездесу барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылып, барлық жұмыстардың қолданыстағы құрылыс нормалары мен техникалық талаптарға толық сәйкес жүргізілуі қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, мердігер мекемелерге жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дейін толық дайын күйде пайдалануға беру міндеті жүктелді.
        Аудан әкімінің орынбасары білім беру нысандарының сапалы жаңғыртылуы өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына тікелей әсер ететінін атап өтті.
         Айтап кетерлігі, биылғы жылы Мақтаарал ауданында білім беру ұйымдарын жаңғырту жұмыстары кең көлемде жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта төрт мектепте күрделі жөндеу жүргізілсе, тағы тоғыз білім беру мекемесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
        Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін білім беру ұйымдарының келбеті жаңарып, инженерлік жүйелері жақсарып, мектептердің қызмет ету мерзімі ұзара түседі. Сонымен қатар, оқушылардың сапалы білім алып, ұстаздардың алаңсыз еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалады.
       Аудан басшылығы барлық құрылыс нысандарындағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімін тұрақты бақылауда ұстап, әрбір жобаның белгіленген талаптарға сай жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін болады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 МАУСЫМДА БАСТАЛАДЫ: 140 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Қазақстанда 25 маусымда техникалық ...

«КЕЛЕШЕК» – БОЛАШАҚ БІЛІМГЕ ЖАСАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Бұл қазақстандықтардың көпшілігінің ақшасын ...

БЮДЖЕТТІ ИГЕРУ, СУ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛДА 7,5 ТРЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

         ...