Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ 90 ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ 90 ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕТІСАЙДА ТАҒЫ 90 ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

         Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басып, қарқынды дамып келеді. Ата Заң – тұтас халқымыздың жарқын істерінің қайнар бастауына айналды.
       Мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі болған «Конституция күні» мерекесінде Жетісай ауданында тағы 90 отбасы баспаналы болып, үздік қызметкерлер марапатталды.
      Еліміздің өркендеп дамуының басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу, қастерлеуді міндетім әрі парызым деп білетін елжанды азаматтардың бүгінгі өнегелі істерін өскелең ұрпаққа үлгі етуді көздеген аталмыш шараға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жұртшылықты айтулы күнмен құттықтады.
       «Біз Ата Заңымызды құрметтеу арқылы Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз» деді аудан басшысы өз құттықтауында.
        Сонымен қатар, мерекелік шара барысында аудан басшысы тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға сату құқығынсыз берілетін 90 тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
        Өткен жылы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қаралған 862 млн 331 мың теңгеге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік 90 тұрғын үй сатып алынған болатын. Биылғы жылы мемлекеттен бөлінген 1 млрд 404 млн теңгеге жаңадан салынған тағы 90 үйді сатып алу жоспарланып отыр.
       Тәуелсіздігіміздің тірегіне, мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамуының қайнар бастауына айналған «Ата Заң» мерекесінің 29 жылдығында аудан әкімі Серік Үсенұлы елдің әдеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтарды да алғыс хаттармен марапаттады. Сый-сияпат жасады.
        Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Кез-келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын басты құжаттың айтулы мерекесінде аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Жетісай аспанын күймен көмкерді. Келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бауыржан НАЙМАНОВ. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...