Home » PRESS RELEASE » News » «БОЛАШАҚ ЖАСТАР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ»

«БОЛАШАҚ ЖАСТАР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ»

          Қорғаныс министрлігінің арнайы тобымен еліміздің барлық аймақтарында бастау алған «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» республикалық әскери – патриоттық акция Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды даналар мен батырлардың алтын бесігі Семей қаласында өз жолын бастады.
         Жастарға әскери – патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі. «Біз тәуелсіз еліміздің айбынды жастарына әрқашан зор үміт артамыз, сенеміз. Қазақстанның әрбір жетістігі – жас өрендердің алаңсыз, жарқын келешегі үшін жасалған қадам. Бүгінде біздің елімізге барша әлем қауымдастығы құрметпен қарайды. Мемлекетіміз қарқынды дамуда. Еліміздің абыройын арттыру сіздердің Отан алдындағы қастерлі борыштарыңыз болып табылады» – деген болатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
       
          Осы орайда, Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов өзіндік пікірін білдірді: «Бүгінгі іс – шарамызға ақпараттық түсіндірме тобы Қорғаныс министрлігінен Абай облысына келіп отыр. Бұл іс-шара жоспарға сәйкес Абай жастарымен кездесу. Оларға жоғары әскери оқу орындарына қалай түсетінінің ретін түсіндіріп айтты. Және «Жас сарбаз» қозғалысының биылғы 5 жылдығына арнайы өздерінің бағдарламаларын біздің жас ұрпаққа көрсетті. Және де келесі жылы біздің «Жас сарбаз» қозғалысының 10 жылдығы, оған біздің облысымыз 10 жыл ішінде 2 мәрте жеңімпаз атанған. Келесі жылы да жақсы нәтиже көрсетеміз деген сенімдемін.» – деді сарабдал ойын сабақтап.
         Республикалық «Әскери – патриоттық» ұйым басшысы Абай облысының орталығы Семей қаласына ат басын тіреген «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» тақырыбында әскери – патриоттық іс-шарасы Абай облысы білім басқармасы мен Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен, қаламыздағы N 49, N 5 мектептердің жиналыс залында болып өтіп, сонымен бірге қаламызда арасынша әскери салаға байланысты түйткілді сауалдарға жауап ретінде баспасөз брефингі де ұйымдастырылып, аталған шараның қорытындысы Қорғаныс министрлігінен келген қонақтардың қатысуымен  Семейдің Мәдениет сарайының концерттік сахнасында болып, шара барасында тақырып ауқымына сай қатысушы кей азаматтарға сыйлықтар табыстала отырып, бірқатар елге танымал эстрада шоқ жұлдыздарының орындауында кезекті патриоттық әндер шырқауымен, рухани тағылымды мәні терең күйлер шертіліп, концерт те өз мәресіне жетті.
          Аталған іс – шараға облыс білім бөлімінің әскери – патриоттық бағыттағы әдіскерлері, Семей қаласының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы – ұйымдастырушылары, мектептерінің «Жас сарбаз» офицер – тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері қатысты. Жас өрендер бойында патриоттық сананы қалыптастыру тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы керек. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар балабақша, мектеп қабырғасынан оқу – тәрбие процесінің өзектісі және маңыздысы болып белгіленуі тиіс.
         Айтқұрман Ерболұлы, «Жас сарбаз» ұйымының мүшесі: «Біз, алғашқы әскери дайындық сабағынан көп насихат алдық. Және де, осы N 49 мектептің ішінде «Жас сарбаз», «Жас барлаушы» клубы бар. Осы клуб, бізді көптеген патриоттық нәрселерге үйретті. Жарыстарға апарды. Келіңіздер, қатарға қосылыңыздар! Біз — «Жас сарбаздармыз!» – деп мектеп оқушысы болса да, көкіректегі жалын кернеген ашық ойын білдірген еді.»
             Ел тірегі, ел ертеңі – «Болашақ Жастар – Ел Қорғаны» екені айқын.
 Ерік ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ,
 Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...