Home » PRESS RELEASE » News » «АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ»

«АРХИВ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ»

          Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті 2022 жылғы 26 тамыздағы Архив мекемелерімен республикалық кеңесі хаттамасының 4-тармағына және 2022 жылғы 5 қыркүйекте бекітілген тұжырымдамаға сәйкес жыл сайын 21 қыркүйек күні «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
         Осы жоба аясында Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде 2023 жылдың 21 қыркүйегінде «Ашық есік» күні өткізілді.
     
         Ашық есік күніне Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің «№ 5 Мақтаарал-мектеп гимназиясы» КММ, «Қ.Сәтбаев атындағы № 6 жалпы орта мектебі» КММ, «В.Комаров атындағы № 7 жалпы орта мектебі» КММ және А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ ұстаздары мен оқушылары қатысты.
          Қатысушыларға архив қызметінің қоғамда алатын орны, міндеттері мен мақсаттары түсіндірілді, архив қызметкерлерінің күнделікті тыныс тіршілігімен, қор сақтау қоймаларындағы құжаттардың орналасу және сақталу тәртіптерімен танысты. Архив қоймаларына экскурсия жүргізіліп, құжаттар көрмесі ұйымдастырылды.
         Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Алтынай Молдадосова апайдың жетекшілігімен бірнеше жылдан бері ауданымыздың тарихына қатысты іздену жұмыстарын архив құжаттары негізінде жүргізіп, дайындаған ғылыми жобаларымен облыстық және республикалық байқаулардан жүлделі орындар алып келуде.
         Ашық есік күніне қатысушыларды «Дарын» мектеп интернатының оқушылары Мырзашөл өңіріне қатысты архив құжаттары негізінде дайындаған ғылыми жобаларымен қысқаша таныстырды. Іс-шараға қатысқан ұстаздар мен оқушылар архив қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, осын кездесулерді жиі ұйымдастырып тұруды сұрады.
           Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбындағы өткен ашық есік күніне жалпы 80-нен астам оқушы қатысты.
Пакизат КАДЫРБЕКОВА,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің архивисі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...