Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЕНДІ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КЕЛІСІМІН РЕСІМДЕУГЕ ДЕ БОЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЕНДІ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КЕЛІСІМІН РЕСІМДЕУГЕ ДЕ БОЛАДЫ

ЕНДІ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ НОТАРИАЛДЫ КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КЕЛІСІМІН РЕСІМДЕУГЕ ДЕ БОЛАДЫ

            Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн түрде ресімдеуге болады. ҚР Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палатаның және «Ұлттық ақапараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бармай ақ нотариат куәландырған құжаттарды бірнеше минут ішінде куәландыруға мүмкіндік береді.
          eGov мобильді қосымшасының «eNotary» қызметінде ерлі-зайыптылардың келісімін талап ететін құжаттарды ресімдеудің қосымша опциясы пайда болды. Келісім онлайн режимінде биометриялық тексеруден өту арқылы жасалады, содан кейін нотариус клиенттің деректерін тексереді, одан кейін келісімді растағаннан кейін нотариалды куәландырылған құжат жасалады.
          «Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың сәуір айында eGov mobile мобильді қосымшасында «eNotary» қызметі іске қосылды және бүгінде ол қазақстандықтар арасында танымал. Азаматтардың осы қызметті пайдалана отырып, әлемнің кез келген нүктесінен қажетті құжатты куәландыруға мүмкіндігі бар. Бұл қызмет ыңғайлы, өйткені құжаттарды ресімдеу үшін нотариусты іздеп, оған барудың қажеті жоқ. Енді ерлі-зайыптылардың келісімін бірнеше минут ішінде онлайн режимінде алуға болады», деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Ерлі-зайыптылардың келісімін алу үшін:
— eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту;
— басты бетте «eNotary» қызметін ашу;
— тізімнен әрекет түрін таңдау — «келісім»;
— өтініш формасын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
— бейнеқоңырау арқылы жұбайының келісімін алу;
— нотариалдық қызметке ақы төлеу қажет.
          Бейнеқоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы «Нотариаттық іс-әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көре алады. EGov Mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі QR кодты сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен  ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
         Жаңа сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады және оны талап ету орны бойынша ұсынуға болады.
«ҰАТ» АҚ
Қоғаммен байланыс басқармасы
www.nitec.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...