Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » «АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ ТОПОНИМДЕРІ» ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

«АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ ТОПОНИМДЕРІ» ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

         Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тапсырысымен Шәкәрім университетінің «Тарих және археология» ғылыми орталығы өңір тарихының тамырлы кезеңдерін қамтитын «Абай облысының тарихи топонимдері» атты жаңа ғылыми жинақ дайындады. Танымдық әрі ғылыми құндылығы жоғары бұл еңбек – елді мекен атауларында сақталған көне шежірені жаңғыртып, ұлттық танымды тереңдете түсетін маңызды бастама.
        Жинақта, облыс аумағындағы тарихи атаулардың шығу төркіні, атаудың мағынасы, қалыптасу негіздері мен мәдени-тарихи контекстісі жүйелі түрде қамтылған. Топонимдер ғылыми дәлдік пен әдістемелік негізде сараланып, зерттеушілерге, өлкетанушыларға, тіл мамандарына және студенттерге арналған құнды материал ретінде ұсынылған.
         Тұсаукесер рәсіміне, өңірдің белгілі тарихшы-ғалымдары, жазушылары, зиялы қауым өкілдері қатысып, жаңа еңбектің маңызын атап өтті. Олар, Абай облысының топонимикасын зерттеу – тек, атауларды анықтау ғана емес, ұлт тарихының жаңа қырларын ашуға, ұмытылған деректерді жаңғыртуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
         Шараға, «Абай облысы Бородулиха ауданының Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының» директоры Атаева Мейрамгүл Балабайқызы да қатысып, тіл маманы ретінде жаңа жинақтың ғылыми салмақтылығына тоқталды. Ол аталмыш еңбектің тарихи-танымдық, тілдік және мәдени құндылығын айта келе, жас буынға, әсіресе гуманитарлық бағыттағы жастар қауымы үшін баға жетпес ресурс екенін айтты.
          Жинақтың жарық көруі өңірлік топонимика саласын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл – тек ғылыми ортаға ғана емес, жалпы қоғамға ұсынылған құнды дүние. Өңірдің тарихын тереңнен тануға, жер-су атауларының астарындағы ұлттық рухты сезінуге жол ашатын еңбек екені даусыз.
 Ерік ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ,
журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Еңбекке жол ашқан мүмкіндік

        ...

Сапалы медицина – халыққа жақын қызмет

        ...

Білім инфрақұрылымы – ел болашағының негізі

        ...

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖЕКЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

        ...

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...