Home » Business » БАНКТЕН БАНКТІҢ НЕСІ АРТЫҚ НЕМЕСЕ HALYK BANK ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҰТЫСТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

БАНКТЕН БАНКТІҢ НЕСІ АРТЫҚ НЕМЕСЕ HALYK BANK ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҰТЫСТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Halyk Bank ұсынған пәтерлер ұтысының келесі жеңімпазы – Әлімжан Уразов Алматыдағы «Хан Тәңірі» Тұрғын  үй кешенінің екі бөлмелі пәтерінің   иесі атанды.
Жеңімпаз алғашында  «Жаңа пәтеріңізбен  құттықтаймыз» деген  хабарлама келгенде мән бермепті. Тіпті, банк қызметкерлері  хабарласып тікелей эфирге шығуын сұрағанда да  достардың әзілі болар деп сенбепті. Себебі, мұндай     ірі көлемдегі  ұтыстарды тек таныс-тамырлар ғана алады деген ойда  болған…
  Әлімжан  көлігін жаңарту мақсатымен осы жылдың көктем айында   Шымкенттегі  Halyk Bank филиалына   қарызын қайта қаржыландыру үшін   рефинас жасауға барған. Менеджер  пәтер ұтысына   қатысуына мүмкіндігі бар екенін айтып, түсіндірген. Алайда, сол айтылған сол жерде ұмыт болған. Пәтер ұтып алады екенмін деген ойыма келген емес дейді өзі.
Әлімжан Уразов  –  Шымкенттегі  № 95 орта мектепте  педагог – психолог болып  жұмыс істейді. Соңғы кезде  ұлының  денсаулығы сыр беріп, демікпесі  күшейіп  дәрігерлер таулы аймаққа  көшу туралы айтқан екен.  Мүмкін бұл пәтер, ұлымыздың несібесіне бұйырған сый  болар деп  қуанып отыр.  Өткен аптада Halyk Bank -тің  Алматыдағы филиалына барып,  құжаттарын рәсімдеп, пәтер кілтін өз қолдарына алған отбасының   қуанышында шек жоқ.

 Халық үшін қызмет ететін  Halyk Bank-тің бұл бір ғана мүмкіндігі емес.Бұл  банк  ақша жұмсағаныңыз үшін сыйлықтар береді.   Пәтерден бөлек   қазір ай сайын   Aifon  смортфондары ойнатылып жатыр.  Тұтынушыларына арналған  өте тиімді шарттармен  берілетін сыйақы мөлшері  жоғары қызмет түрлері де көп.   Мысалы,  Halyk Bank қызметін  онлайн қосымша арқылы пайдалану өте тиімді.

Бүгінде, үйде отырып-ақ, жедел ақша аудару, тауар сатып алу секілді  онлайын қызметтердің алатын орны ерекше. Онлайн қызмет көрсету сервистері қазір барлық салада,   барлық  банкте бар.  Тұрмысты жеңілдетіп, уақытты үнемдеген осындай  қосымшаны ең алғаш елімізге  әкеліп, тұтынушыларға ұсынған  Halyk Bank екенін біреу білсе біреу білмесі анық.
  Halyk Bank -тің қаржы порталы – Номеbank.kz деп аталады. Бұл  қосымша арқылы  3000-нан астам қызмет ақысына  артық шығынсыз төлем жасауға болады. Атап айтқанда, банк ішінде барлық төлем мен аударымдар және    коммуналдық қызмет, мобильді телефон, интернет, айыппұл, әуе билеттері тағы да басқа  барлық төлемдер үшін комиссия – 0 теңге.
  Бұған қоса, төлем жасау арқылы  бонус алу және оларды төлем жасағанда  қолдауға болады.Қаншалықты көп зат сатып алынса  соншалықты бонус беріледі.  Еліміз бойынша төлемдер үшін  ең жоғары  1% bonus    Homebank.kz  қосымшасына тиесілі екенін  біле жүріңіз.
 Мұнан басқа да Halyk Bank-тің Homebank қосымшасы бойынша артықшылықтарын  тізіп көрейік,
Бірінші,  Homebank.kz – арқылы үйден шықпай-ақ банктің барлық қызметін қолдануға болады. Банк клиенттерінің   телефон нөмірі бойынша комиссиясыз аударым жасау және бүкіл әлем бойынша кез келген картаға аударымдар жасалады.  Western Union Online арқылы тиімді тарифтермен ақша алу және аударуға, Halyk Bank  клиенттері арасында QR бойынша аударымдар жасауға болады.  Ал  ҚР банктерінің карталарына  ақша аудару комиссиясы -150 теңге. Бұл еліміздегі ең арзан  қызмет көрсету болып табылады.
Екінші, қолма-қол ақшаны картасыз шешіп алу. Қызметтің бұл түрін   елде карантин  жарияланып,  көпшілікке берілген – 42 500 теңгені алу кезінде пайдаландық. Тиімділігін көрдік.
Үшінші, банк қосымшасы арқылы мультивалюталық Halyk Bonus картасын алуға  болады. Жеткізілуі тегін картаның артықшылығы  үш валюта: KZT, USD, EUR қатар жүреді. Шетел валютасындағы салымдар бойынша теңге баламасындағы сома төлем жасалған немесе сатып алған күнгі ҚР ҰБ есептік бағамы бойынша есептеледі.  Halyk Bank-тің POS-терминалдары арқылы сатып алғаны үшін және Homebank-тегі төлемдер үшін1%  кепілдік бонус берілетіні тағы бар.
Төртінші, пайдалы сервистері.  Әлемнің кез келген жерінде депозитті онлайн ашып, 24/7 ақша алуға және толықтыруға болады.5 минут ішінде  6 000 000 теңгеге дейін кредит алуға және 2 000 000 теңгеге дейін 24 айға дейінгі мерзімге ірі дүкендер желісінде бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.
Бесінші,  24/7 онлайн-чат жұмыс істейді. Бұл жерде картаны үйге немесе офиске жеткізіп беруге тапсырыс берсе,карта келесі жұмыс күні жеткізіледі. Сондай-ақ, картаны өз қалаған дизайн бойынша  тапсырыс беріп  жасатуға болады.
Онлайн-чат 1000 аса сұраққа жауап беретін дербес көмекші.
 Егер сізде  17 000 аса  серіктес болса,  онда:
  • 25% дейін бонус ала аласыз
  • Жасаған саудаңыз үшін бонустармен төлей аласыз
  • Halyk Light-пен 4 айға бөліп төлеп сатып ала аласыз.
Осындай мүмкіндіктер мен сыйақылар беретін Homebank қосымшасына  тіркелу өте оңай.
  1. Android немесе iOS смартфондары үшін қосымшаны жүктеп алыңыз
  2. «Тіркелу» батырмасын басып, экрандағы жеңіл нұсқаулықты пайдаланыңыз:
Өз ЖСН және телефон нөміріңізді енгізіңіз
SMS келген кодты енгізіңіз
Пароль орнатыңыз
Бейнетексеруден өтіңіз
ДАЙЫН!
Онлайн төлемдер негізі қолжетімді әрі қауіпсіз жүйе, технологиялық тұрғыдан тиімді сервис қана емес, банк қызметтерін қолданғанда жайлылық пен қарапайымдылықты қамтамасыз етуші сервис.
Halyk Bank ел сеніміне ие болған халық үшін қызмет ететін республика деңгейінде бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша  бірінші орынға ие.
Айнаш ШОЙЫНБЕКОВА,
«Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту орталығы»  КММ баспасөз-хатшысы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...