Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 "ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖИЫН ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖИЫН ӨТТІ

«ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖИЫН ӨТТІ

         2025 жылдың 25 қарашасында, Абай облысында «Халықты жұмыспен қамту» мекемесінің жиын залында, «Көпбалалы отбасы» аналарының қатысуымен «Әлеуметтік тұрғын үй және коммуналдық қызметтердің сапасы» тақырыбында маңызды жиын өтті. Іс-шараны «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрғын үй қолжетімділігін арттыру және коммуналдық қызметтердің сапасын көтеру мәселелерін қарастыру.
        Жиынға, «Көпбалалы отбасы» аналары, түрлі сала қызметкерлері, «Отбасы банк» басшылығы, сондай-ақ өңірлік партия өкілдері қатысты. Сонымен бірге шараға «Мейірім құшағы» ұйымының төрайымы Сүлейменова Анар Әбетайқызы және ұйым кеңесінің мүшесі Ажар Дәулетқанқызы қатысып, жиынның қоғамдық маңызын арттыра түсті.
        Кездесу барысында, өңір халқын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау тетіктерін жетілдіру, тұрғын үй құрылысы барысындағы ашықтық және коммуналдық қызмет сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. Қатысушылар кезек саны мәселелерін, инженерлік инфрақұрылым, мемлекеттік қолдау бағдарламалар тиімділігі бағытында ұсыныстар білдірді.
         Жиында, Семей қаласының «Отбасы банк» бөлімшесінің «Бизнесті дамыту бөлімінің» қызметкері Ахтанов Манат Берікқалиевич және «Отбасы банк» Абай облыстық филиалы директорының орынбасары Конопя Мира Сапаровна тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, банк тарапынан ұсынылатын тұрғын үй бағдарламалары туралы толық ақпарат ұсынды.
         Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалының өкілдері А.Жакупова мен Е.Омарғалиев Көпбалалы отбасы санаттағы аналардың толғандырған мәселелерін тыңдап, нақты әрі мазмұнды жауаптар беріп өтті. Баспана кезегі, тұрғын үй қолжетімділігі, коммуналдық қызметтердің сапасы, әлеуметтік қолдау тетіктері сынды жиі көтерілетін өзекті сұрақтар талқыланды.
           Соныменде, «Ауыл» партиясының өкілдері, өз сөздерінде, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, ауыл мен қала арасындағы өмір сапасын теңестіру, коммуналдық жүйелерді жаңарту және тұрғын үй құрылысына жергілікті материалдарды тиісті пайдалану жөніндегі партия бастамаларын қысқаша таныстырды.
       Жиын қорытындысында, тұрғын үй құрылысының ашықтығын арттыру, коммуналдық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін күшейту және халықтың өтініш-шағымдарын жедел қарау механизмдерін дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.
        Жиынға арнайы келген көпбалалы отбасы аналар тобының қатарында: Мукалиева Гүлмарал Сабитовна, Батыршинова Нұрсиля Алтаевна, Баймухаметова Анар Дакеновна, Бабаева Динара, Сәрсенбаева Жұмағайша секілді азаматшалар болды. Жалпы, жиынға, жиырмаға тарта Көпбалалы отбасы аналары қатысып, өздерін мазалаған көкейкесті сұрақтарына нақты, тұшымды жауаптар ала алды.
        Айта кету керек, Абай облысында бұл санаттағы аналар саны едәуір көп. Алайда, бүгінгі кездесуге олардың басым бөлігі ел аумағы мен өңірде тараған тұмау ауруының салдарынан келе алмады.
         Іс-шара соңында, ұйымдастырушылар әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру – өңір тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізгі тетігі екенін тілге тиек етті.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

ЖАҢА БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР ҮШІН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА

        ...

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ...

2026 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ 69 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

        ...

АУЫЛҒА КЕЛГЕН МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

        ...

ӘРБІР ТАМШЫ АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАЙЫҚ!

        ...

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің ...

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

        ...