Home » Әдебиет » «ҚАМАР СҰЛУ»

«ҚАМАР СҰЛУ»

             Жуырда біздің тұрақты оқырманымыз Аликулова Роза   Кинабековна   Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен 25-40 жас аралығындағы кітапты көп оқитын оқырмандар арасында өткен өткен «Кітап оқу лидері-2023» атты  сайыста   «Түркістанның таңдаулы туындысы-2023» акциясына таңдалған белгілі ғалым, Абайтанушы , философия ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының Абайдың  «Толық адам» ілімін оқып, кітап бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы жүлделі 1 орынды иеленді. Осы орайда ақтық мәреге үміткер ретінде өзінің оқыған кітаптарының ішінен С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романынан үзінді мақаласын  жазып шықты. Соны назарларыңызға ұсынып отырмыз.
         «Қамар сұлу» романы қазақ қызының басынан кешкен оқиғамен байланысты жазылған туынды.  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы жазған бұл романы жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған. Оны барынша сүйсініп оқыдық. Ал «Қамар сұлу» романының мазмұнына келсек, бір-біріне қосыла алмаған Ахмет пен Қамар сұлудай қос ғашықтың махаббат мұңы баяндалады. Ақын қазақ халқының бай мен кедей арасындағы теңсіздігін арқау етіп, ғашық жандардың қосыла алмау себебін айқындап жазған. Әділдіктің жоқтығын, өз заманының озбыр байлары барын, халық арасындағы жағымпаздықтың салдарынан жазықсыз жала жабудың құрбаны Ахмет жайында ашып жазған.
        «Қамар сұлу» С.Торайғыров шығармашылығындағы алғашқы көлемді шығармалардың бірі. Сондықтан бұл романның қаламгер  шығармашылығындағы алатын орны да ерекше. Романнан С.Торайғыровтың таланты, дүниетанымы, саяси-әлеуметтік идеялары айқын көрінеді. Мұнда ащы болса да шындық айтылған. Қазақ халқының надан екендігі көрсетіліп, сол кездегі қазақ салт-дәстүрі сынға алынған.
        «Қамар сұлу» шығармасында күрделі эпитеттермен, сатира қолданылған. Шығармада көтерілген ең көрнекті мәселе, қазақ қыздарының қалың малға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны. Қыз баласының ойын сұрамастан, ақша, мал үшін 15 жасар қызды 50 жасар шалға қинап бергені туралы жазылған. Роман әсерлі, тілге жеңіл, жүрекке жылы шығармалардың бірі. Оқырмандардың көңілінен шыққаны сөзсіз.
           Романдағы кейіпкерлерге келетін болсақ, Қамардың бейнесін: Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай? – деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызы ретінде бейнелейді. Қамар – Омардың қызы, ақылына көркі сай сұлу болып өседі. Өзінен үлкен ағасы Қасенмен бірге оқитын Жәуке деген кедейдің баласы Ахмет деген жігіт болды. Ахмет – кедей шаруа ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт, сөзге шешен ақын, ел аузына ерте ілінген қадірлі жастардың бірі. Жазушының ұғымында, Ахмет — жаңа дәуірдің өкілі. Ахметтің жан-күйін сипаттағанда «ғашық оты» «шын сыр» жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған. Ахмет Қасенмен бірге ауыл молдасынан оқып білім алады. Өте зерек, білімді, сөзге шешен жігіт еді. Қамар сұлу да Ахметті ұнатады. Ахмет Қамар сұлуға арнап хат жазады. Қамар сұлу үйлене алмайтынын біліп, Ахметті сүйетінін және екеуінің үйлене алмайтынын ескертіп бір жола үмітін үзуді айтады. Бірақ сол кездегі әдет-ғұрыптан аттап кете алмай, Ахметтің қызға берер қалың малы жоқ, кедейлігінің кесірінен Қамар сұлуды айттыра алмайды. Алып қашайын десе қартайған әке-шешесін ойлап қиналады. Қамар сұлуға қол жеткізе алмай жүрген жігіттер Ахметтің жазған хатын қолға түсіріп,неше түрлі артық сөздер қосыпОмардың ағасы Оспанға береді. Оспан өзі бай елдің белді ақсақалы кедейге бай қызын беруді кемшілік көреді. Ахметке пәле жауып, 18 айға абақтыға жаба жаздатып, тегіннен-тегін айыптайды.
           Сол елде «Жорға Нұрым» дейтін өзі болыс, өзі беделді, жасы қартаң тарттқан, жамандыққа жаны құмар, бала кезінде аттан жығылып, аяғы ақсақ болған себепті оны жұрт «Жорға Нұрым» деп атап кеткен екен. Хан тұқымынан қыз алған Нұрым, әйелі қайтыс болады. Әйелі бар кезде-ақ тоқалдыққа алғысы кеп Қамарға ұсыныс білдірген кезде сөзге шешен Қамар сұлу, аузы сасық, өгіздей дөңкиген деп келеке етіп, сөзбен жеңген еді. «Ататай, болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ-қолы жиырылған, Қосылар күн болар ма тұлыбыма?» Қамар келеке түрде осылай жауап береді.Жорға Нұрым әйелі қайтыс болған соң Қамарға көңілі кетіп, айттырады. Қамар сұлудың әкесі Омар рұқсатын бермейді. Бірақ Омардың ағасы Оспан еріксіз Омарды көндіреді. Ахмет өзіне бұйырмаған Қамардай сұлуға арнап «жар-жар» орнына «зар-зар» деген өлеңді шығарады. Оқыған, көзі ашық, еліктің лағындай ерке өскен, сөзге шешен Қамар сұлуды Жорға Нұрымға қимайды.
          Ал, Жорға Нұрым болса Оспанның үйіне күнде келіп, Қамар сұлуды айттыру үшін, әкесі Омарды көндіруін сұрайды. Сіздей адамға жар болатын біздің Қамардың бағы бар, береміз деп, қырық жылқы, он түйе, бес жүз теңге қалың мал алатын болып келіседі. Ағасы Оспан Омарға келіп, Қамарды Жорға Нұрымға береміз, айттыра келіпті, Нұрымдай ел ағасына Қамарды беретін болып шештік деп үзілді-кесілді өз шешімін айтады. Омар үлбірегеп өсіп келе жатқан өрімдей жас қызын өгіздей Жорға Нұрымға бермейтінін, қызына тең емес екенін айтады. Хан тұқымынан қыз алған Нұрымдай жанның әйелі болса, үлдемен-бүлдеге бөлейді. Қайта Қамар қыздың бағы бар деп, Оспанда қоймайды. Ақыры дегеніне көндіріп, Қамар сұлуды Нұрымға ұзатамыз деп тоқ етерін айтып, уақытын белгілеп кетеді. Жорға Нұрым қалың малын беріп болып, Қамарды алмақшы болып келеді.Қамар бармаймын деп, той жасалып неке қияр кезде көнбей отырып алады. Неке қиюға келген молда Қамар сұлуды көндірмекші болады. Қамар сұлу дегенінен қайтпайды. Молда жорға Нұрымның айтқанын істеп, Қамарды қаншама айтқанмен көндіре алмаған соң, мен некені зорлықпен қия алмаймын деп, неке қиюдан бас тартып, кетіп қалады. Сол күні ауылындағы келіншектер Қамарды зорлықпен жорға Нұрымға күйеуге апарады. Еріксіз барған Қамар Жорға Нұрымның қасына жатпай қашып кетеді.
          Қызының мынадай еріксіздігін көрген әкесі қызын енді бермеймін дейді. Ағасы Оспан Нұрыммен жасырын алып қашудың амалын табады. Артынан Жорға Нұрым көп адаммен келіп, Қамар сұлудың әке-шешсін соғып, қызды тартып әкетеді. Қамар аузы сасық, өгіздей бытпиған Нұрымды ұнатпайды, өзінің мына өгізге тең емес екенін, мал секілді құны жоқ екеніне өкінеді, құсаланады. Оның даналығы сонша, өзінің қателігінің кесірінен басқа қазақ қыздарына кір келтіргісі келмей, сүйгенімен қосыла алмайды.Ахметтей сүйгеніне қосыла алмағанына, шалға тигеніне қатты налиды. Сол құсамен ауруға шалдығады. Елі Ахметтің дуасы деп ойлайды. Доктор Қамардың ауыруын айтады. Нұрым оған сенбей бір ишанды алдырып, ишан емдейді. Ол өзінің дұғасын оқып, жазылады деп сендіреді. Қамар оған да жазылмайды. Ишаннан кейін бақсы емдеп, өлуге жақын отырған Қамарды «ауруын кетіруге» өлген адамдардың моласына апарады. Қамарды Ахмет дуалады, соның дуасы деп деп таниды. Сол арада Қамарды іздеп Ахмет пен Омар кеп қалады. Қамар Ахметті тани кетеді, әлсіререген даусы зорға шығып, көзінің жасы парлап, Ахметке қарап жылайды.Ахмет өзі сүйген Қамар сұлудың мұнша азапталып ауырып, қиналғанына төзе алмай ол да жылайды. Қамарды үйіне апарғанда Нұрымның ренжігеніне қарамай Ахмет те барады. Қамардың қалін көріп Ахмет қоштасқысы келіп, қолып қысып ұстайды. Ахметті танып, сен тастап кеткен Қамарың міне осындай халге жетті, көр Қамарыңды дейді, мұңды үнмен. Қалқам сенің мына шалға кеткеніңе төзе алмай алысқа оқуға кетіп ем, төзе алмадым, сені сағынып саған келдім дейді. Нұрым шыдай алмай Ахметті қуады. Ахмет Қамар мен қоштасып қалғысы кеп өтінседе бақсы рұқсат етпейді. Емі қонбады, ешкімді жанына жолатпау керек еді, мына Ахметтің дуасынан ем қонбады деп, өтірік сөйлейді. Ахметті қақ маңдайдан сойылмен ұрып құлатады. Қалқам міне менің жүрегім сендік еді, қош қалқам деп құлайды.
      «Қамар сұлу» романында адамдар арасындағы алауыздық, бақсылықтың өтірікке бұрмалануы, Жорға Нұрымның сойылын соғып, өтірік бақсылық жасап, өз күнін көрген адамның бет-бейнесі сипатталады. Бұл романды оқу арқылы қазіргі қоғамда осы «Қамар сұлудай» күй кешкен қазақ қыздары бар ма, болса оларды қалай қорғаймыз деген сан сұрақ мазалайды. Бақсылық жасап күнін көріп, теріс бұрмалаушылықтар әрине қазіргі қоғамда да орын алып жатады. Деседе мұндай жағдай орын алса, халық төреші болып, ол заңмен жазаланады.
Жанар ТӨЛЕГЕНОВА,
Жамбыл ауыл округі, Кеңесшіл ауылы филиал
№13 кітапханасының меңгерушісі. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...