Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
10-шы ICBCB 2022 халықаралық конференциясы басталды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 10-шы ICBCB 2022 халықаралық конференциясы басталды

10-шы ICBCB 2022 халықаралық конференциясы басталды

         Алматыда «Өзгеріс үстіндегі әлемде тең дәрежеде білім беруді ілгерілету» тақырыбында 10-шы ICBCB 2022 халықаралық конференциясы басталды. Екі күндік ғылыми шараға Ұлыбритания, Үндістан, Таиланд, Қырғызстан, Ресейден келген шетелдік және отандық ғалымдар қатысып жатыр.

        Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Әлімжан Бекежанұлы шараның ашылу салтанатында қатысушыларға сәттілік тілеп, педагогтерді Ұстаздар күнімен құттықтады.
      «Бүгін ғалымдар әлемде тең дәрежеде білім беруді талқылайды. Халықаралық деңгейдегі мұндай ғылыми конференцияны өткізу университетіміз үшін үлкен мәртебе. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – жаһандану дәуірінде тұтас білім беру жүйесіне негізделген құндылықтарды және түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты дәріптеу. Сондай-ақ отандық және халықаралық ғалымдармен ғылыми және кәсіби байланыс орнататын алаң құру, білім саласындағы өзекті мәселелердің оңтайлы шешімін табу. Осы екі күннің ішінде аталған мәселелер бойынша ұсынған зерттеулер білім беру процесін дамытуға үлес қосады деген сенімдемін. Конференцияға қатысып жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтаймын»,- деді ол.
          Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, PhD доктор Дархан Біләлов ғылыми шараның маңыздылығын атап өтті.
         «Бүгінгі халықаралық ғылыми конференция – өте маңызды шара. Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, ғалымдар әлемдегі өзекті мәселелердің бірін көтеріп жатыр. Біріншіден, балалардың тең дәрежеде сапалы білім алуы керек. Бұл Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша күн тәртібінде тұрған өзекті проблема. Бүгінгі конференцияға қатысып жатқан зерттеушілер осы тақырыптағы зерттеулері туралы айтып, маңыздылығын түсіндіріп қана қоймай, оның нақты шешу жолдарын, механзимін де ұсынып жатыр», – деді ректор.
         Халықаралық ғылыми конференцияда онлайн және офлайн форматта білім беру жүйесін жақсартуға арналған көптеген идея айтылып, ғалымдар зерттеу жұмыстарымен бөлісіп жатыр. Олардың ішінде білім беру саласындағы тәуелсіз зерттеуші, Үндістаннан келген профессор Sugata Mitra, Лондон университеттік колледжінің ғылым және экологиялық білім беру профессоры Justin Dillon, профессор, доктор, Таиландта Парламентінің депутаты Kanok Wongtrangan, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің ректоры, PhD докторы Дархан Біләлов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, PhD докторы Гүлмира Қанай, КИМЭП университетінің деканы, профессор Жулдыз Смагулова, Назарбаев университетінің профессоры Дуйшон Шаматов басты спикерлер ретінде қатысып жатыр.
Аяжан МАДИБЕКОВА.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...