Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ЖЕТІСАЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

          Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жырлары, шежіресі мен тарихы сол халықтың тілінде жазылары хақ.
          «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Түркістан қаласында салтанатты іс-шара өтті. Шараға Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, көпшілікті айтулы күнмен құттықтады. Мереке қарсаңында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен тілдерді оқыту орталықтары арасында өткен «Үздік орталық – 2024» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Облыстағы 17 аудан, қалалардан 16 орталық қатысқан байқаудың қорытындысымен Жетісай ауданының мәдениет, тіддерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мекемесі жүлделі І орынға ие болды.
          Сонымен қатар, халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұрамызды жұртшылық арасында кеңінен насихаттап, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан ауданымыздың «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мекемесінің басшысы Құрманбек Рысмаханов ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
         Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар мен жеңімпаз атанған орталықтар ұйымдастырушылардың қаржылай және заттай бағалы сыйлықтарына ие болды.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

        ...

ТАЗА БОЛАШАҚТЫ ҚҰРАЙЫҚ!