Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ТУБЕРКУЛЕЗ - ӨТЕ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТУБЕРКУЛЕЗ — ӨТЕ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ

ТУБЕРКУЛЕЗ — ӨТЕ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ

       Елімізде 24 ақпаннан -24 наурыз  аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен қарсы «Уақыт өтіп жатыр! Туберкулездің ауртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» күрес күніне арналған арнайы айлық өткізіледі.
         Туберкулез ауруы күні бүгінге дейін төтенше өзекті-әлеуметтік мәселе болып отыр. Соңғы жылдары бұл кеселге қарсы жүргізілген қарқынды шараларға қарамастан, республикамызда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі өзгере қойған жоқ. Ауру құрылымында туберкулездің ауыр клиникалық фиброзды-каверноздық милиарлық, менингиттік, кавеозды пневмониялық түрлері әлі де жиі кездеседі.
        Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуінде бірінен кейін бірі кезектесетін 2 феномен – науқастардың дәріге төзе алмаушылығы және туберкулез қоздырғыштарының дәрілік төзімділігінің пайда болуы маңызды рөл атқарады және де бұл жәйттер жылдан жылға даму үстінде.
          Аурудың алдын-алу және мәселені шешу, негізінен, екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. І-ші науқастарды, әсіресе тыныс ағзаларының туберкулезімен ауыратындардың 60%-тан астамы шоғырланған жоғары қауіпті топтардағы науқас (қант диабеті, асқазаны мен ішегінде ойық жарасы бар науқастар, гармонға тәуелділер, маскүнемдер, нашақорлар және т.б.) дер кезінде белсенді түрде анықтау, олардың бойындағы «Бацилла» әбден мықты жойылғанша және клиникалық тұрғыда айыққанша емдеу; ІІ-ші қоршаған ортаға күн сайын миллиондаған мөлшердегі дәрілік жоғары төзімділіктегі (лекарственно-устойчивые больные) туберкулез таяқшаларын бөліп шығаратын науқастардың өкпесіндегі созылмалы деструкциялық ошақтарды жоюға бағытталған тиімді – пластикалық және қайта құрылымдық оталарды клиникалық тәжірибеге енгізу және кеңейту арқылы фтизиохирургиялық жәрдемнің ұйымдастыру — әдістемелік негізін түбірінен қайта қарау керек.
        Қазақстанда мұндай науқастар туберкулез жұқпасының негізгі және өте қауіпті көзі болып табылады. Диспансерлік контингенттерде де олардың саны өте жоғары күйінде қалып отыр және де жылдан жылға артып барады.
       Туберкулез, маскүнемдікпен (нашақорлықпен) қатар қиын мәселе болып отыр. Олардың саны жыл сайын негізінен еңбекпен түзеу колонияларынан босаған адамдар есебінен артып отырады. Науқастардың көпшілігі өкпесінің созылмалы деструкциялық, көбіне жартылай кавериоздық туберкулезінен азап шегеді және де бактерияны көп мөлшерде бөледі.
       Туберкулез бұрыннан да әрі жұқпалы, әрі әлеуметтік кесел болды және сол күйінде қала береді. Ол әлеуметтік мәселелер шешілмеген жерлерде (тұрғын және өндірістік жағдайларының жайсыздығы, жұмыссыздық, санитарлық- тазалық тәртіптің өрескел бұзылуы, құнарсыз тамақтану, аз зейнетақы, маскүнемдік, нашақорлық және т.б.) таралуға бейім. Өкінішке орай ол дерт біздің республикамызда да кең тарап, ұлтымыздың денсаулығына және келешегіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Жағдайды реттеу үшін қоғам болып бірлесе әрекет етуіміз қажет. Сонда ғана «Туберкулезді жеңуге болады» деген сөз іс жүзінде орындалады.
 Г.ОРАЗКУЛОВА,
Мақтаарал аудандық СЭББ-ның бас маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...