Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
«AYALA», «CHEVRON»-МЕН БІРГЕЛІКТЕ СӘБИЛЕРДІ АЯЛАУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » «AYALA», «CHEVRON»-МЕН БІРГЕЛІКТЕ СӘБИЛЕРДІ АЯЛАУДА

«AYALA», «CHEVRON»-МЕН БІРГЕЛІКТЕ СӘБИЛЕРДІ АЯЛАУДА

         Әлемдік деңгейдегі атақты «CHEVRON» компаниясы еліміздің аумағында көптеген әлеуметтік маңызы ерекше бағдарламаларды жүзеге асыруда. Сол бағытта компания атауы елімізге жақсы танымал «AYALA» қайырымдылық қорымен біргелікте бірнеше жылдан бері біршама сауапты жұмыстарды атқаруда.
        «CHEVRON» компаниясы мен «AYALA» қорының өзара ынтымақтастығының 12 жылы ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі 80 денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарына 541,2  миллион теңге мөлшерінде көмек көрсетілген екен.
        «AYALA» қайырымдылық қорының жобалар үйлестірушісі Меруерт Рысбекованың айтуынша – «AYALA» қайырымдылық қорының ұстанған басты мақсаты – Қазақстан Республикасында сәби және бала өлімі мен мүгедектігін барынша азайту болып табылады. Сол мақсатты қор екі кезеңмен жүзеге асыруда екен.
         I кезеңде: ҚР балалар ауруханалары мен перинаталдық орталықтарға арналған медициналық жабдықтарды сатып алу болса,  ІI кезеңде: Осы жабдықтармен  жұмыс істейтін дәрігерлерге оқыту арқылы біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру жүзеге асырылған.
        Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде балалар ауруханалары және перинаталдық орталықтарға арналған жаңа 170 медициналық бірлік құрал  алынса, неонатологтарға арналған тренингтер мен шетелдік мамандардан мастер-класстар өткізіліп, 300-ден астам мединалық қызметкер оқытылса, Корей профессорларының 50 кеңесі берілген.  Нәтижеде 2000-нан астам бала аман алынып қалынған! Яғни осынша отбасы қуанышқа бөленген деген сөз! Бұл үлкен жетістік!
        «AYALA» қоры тарапынан құрылған онлайн-академияда медициналық қызметкерлерге, нақты айтсақ дәрігерлер үшін қолжетімді 3 курс бар болса, дәрігерлер мен медбикелерге арналған қосымша тағы 4 курс әзірленуде. Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен  сол курстарға 647 дәрігер қатысуға тіркелген  екен. Олар осы курстарда алған білімдерінің арқасында қаншама сәбилердің өмірін сақталынып қалары анық.
        «AYALA» қорына осындай сауапты жұмыстар атқаруға мүмкіндік жасаған «CHEVRON» компаниясы туралы ақпарат беріп кетсек:
        «CHEVRON» – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Ол қол жетімді, сенімді және таза энергия көркейген және тұрақты әлем құру үшін қажет деп санайды.
          «CHEVRON» компаниясы мұнай мен табиғи газымен бірге көлік отынын, ЖЖМ және мұнай химиясын өндіреді, сондай-ақ біздің бизнесіміз бен саламызды жақсартатын технологияларды әзірлейді. Компания өз қызметінде көміртекті сыйымдылығын төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымен қатар төмен көміртекті бизнесті дамытуға баса назар аударады.  «CHEVRON» туралы қосымша ақпаратты компанияның www.chevron.com сілтемесі арқылы табуға болады.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...