Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АЛМАТЫЛЫҚТАР КӨЛІКТІ ТАҒЫ БІР АВТООРТАЛЫҚТА ҚАЙТА РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АЛМАТЫЛЫҚТАР КӨЛІКТІ ТАҒЫ БІР АВТООРТАЛЫҚТА ҚАЙТА РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ

АЛМАТЫЛЫҚТАР КӨЛІКТІ ТАҒЫ БІР АВТООРТАЛЫҚТА ҚАЙТА РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ

2021 жылғы 24 ақпан. Алматы қ.
1 наурыздан бастап алматылықтарға көлікті қайта тіркеу үшін қала сыртына шығу қажет болмайды. Бұрын №1 мамандандырылған ХҚО-да (Саялы шағын ауданы) көлік құралдарын сатып алу-сатуды ресімдеу бойынша қызмет көрсеткен барлық операторлар «Avtodom» автокешенінің ғимаратына көшіріледі. Осыған байланысты 27 ақпанда №1 мамандандырылған ХҚО қызмет көрсетпейді.
Осы жылдың басында «Avtodom» сауда орталығында шағын бұрыш ашылды, онда көлікті қайта тіркеу қызметін тек бір оператор ғана ұсынған болатын. Мемлекеттік корпорация бұл бұрышты кеңейтіп, автоХҚО-ның толыққанды секторына айналдыру туралы шешім қабылдады.
«Біз халық ең көп баратын мамандандырылған ХҚОжүктемесін азайтып, алматылықтар үшін қайта тіркеу қызметін ыңғайлы жерден ала алатындай ету маңызды болды. Жаңа локация қала сыртына шықпай-ақ, сатып алынған машинаны қайта ресімдеу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Біз тіркеу бөлімінің 50 маманын осы секторға көшіруді жоспарлап отырмыз», – дейді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Пандемияға қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталықтары клиенттерінің саны азайған жоқ. Өткен жылы алматылықтарға автокөліктерді қайта тіркеу бойынша 608 мың қызмет көрсетілді, бұл республика бойынша көрсетілген қызмет көлемінің 24%.
Саялы ықшам ауданындағы №1 мамандандырылған ХҚО-да алматылықтар бұрынғыдай жүргізуші куәлігін ресімдеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді алуды жалғастырады. Атап айтқанда, теориялық, практикалық емтихандарды тапсыру, жүргізуші куәлігін жоғалуына және мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстыру, қосымша жүргізуші категориясын алу және т. б. қызметтері.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтар автоқызметтерді онлайн түрдеeGov.kz және kaspi.kzқосымшасы арқылы рәсімдей алады.
Анықтама үшін:
Жүргізуші куәлігін алу кезінде практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексеруден өту Саялы және Кемел шағын аудандарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. Бұдан басқа, автокөлікті ресімдеу бойынша шағын бұрыштар ALLUR AUTO, Astana Motors және Aster Auto салондарында жұмыс істейді.
    Алматыда барлығы 5 авто ХҚО жұмыс істейді. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.
Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-лардың мекен-жайлары:
-«Avtodom» мамандандырылған ХҚО секторы, Сәтбаев к-сі 90/21
— Алатау ауданы, Саялы шағын ауданы, Ақ Қайнар көшесі, 1 (жүргізуші куәлігін ресімдеу)
— Түріксіб ауданы, Майлин көшесі, 85
— Жетісу ауданы, Серіков көшесі, 6а
— Түріксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, 181-182 к2
— Жетісу ауданы, Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ
Алматы қаласы бойынша филиалы.
Жаңыл Әпетова тел.: 8-707-324-0176.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...