Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ СЕМІЗДІК АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ СЕМІЗДІК АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ СЕМІЗДІК АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Статистикаға сүйенсек, қазақстандық балалардың 20 пайызы cеміздіктен зардап шегеді. Семіздік деген қауіпті естілмегенімен, дәрігерлер бүгінде бұл мәселеге дабыл қағып жатыр.
Медицинада семіздікті метаболикалық синдром деп атайды. Ол өте қауіпті. Метаболикалық синдромға шалдыққан адамның ағзасында метаболикалық, гормонды және клиникалық бұзылыстар байқалады. Яғни, семіздік жалғыз жүрмейді, онда бірден бірнеше ауру пайда болады. Бұрын семіздік деген тек 40-тан асқан және бірнеше бала босанған келіншектерде ғана кездесетін, бірақ қазіргі уақытта бұл дерт жастар арасында, әсіресе, оқушылар арасында белең алып жатыр, Сондай-ақ, семіздікке шалдыққан баланың ата-анасының көбі мұны генетикамен байланыстырады.  Иә, балаға семіздік көбіне тұқымнан келеді. Бірақ ата-анасы артық салмақтан зардап шексе, баласы да міндетті түрде дәл сондай семіздікке шалдығады дегенді білдірмейді. Семіздік негізінен ағзадағы алмасу процестерінің қалай өтетініне байланысты пайда болады. Генетикадан басқа, оған басты себеп дұрыс тамақтанбау мен физикалық жүктеменің аз болуы екенін айтады. Бірінші кезекте әрине дұрыс тамақтанбау. Фастфуд пен тәтті сусындарды шамадан тыс пайдалану.
Осы проблеманы шешуде ата-ананың рөлі өте зор. Олар семіздіктің қандай дерттерге шалдықтыратынын түсінуі қажет. Метаболикалық синдром гипертония, қант диабеті, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы, холецистит, панкреатит, өтте тастың пайда болуына әкелуі мүмкін. Айта кету керек, бүгінде қант диабетіне шалдыққан балаларды емдеу өте күрделі болып кетті.
Осы ретте дәрігерлер мына белгілерге назар аударуға кеңес береді: — тою сезімінің болмауы; — енжарлық; — түнгі уақытта тәбеттің пайда болуы; — ұйқының бұзылуы немесе керісінше ұйқышылдық — ешбір физикалық жүктемесіз ентігу; — буындардағы ауырсыну-жамбас, тізе, тізе-аяқ басы буындарында.  Осы белгілер байқалған жағдайда дәрігерге көрінуге кеңес береді.
А.СЕЙДІМХАН,
Мақтаарал аудандық СЭБ басқармасының Санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ОЗЕРКИ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНДЕ «КІТАПҚА – ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

        ...

STAEM ӘДІСІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

        ...

МҚІА ТҮКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

        ...

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН КООПЕРАЦИЯ — АУЫЛ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ», БИОГУМУС ӨНІМІ ТУРАСЫНДА ДӘРІС–ЖИЫНЫ ӨТТІ

        ...

«СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

ЕҢБЕКТІ СҮЙГЕН ЖАНДАРДЫҢ МАРАПАТЫ

        ...

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ «НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН» АЛАДЫ МА?

      Олжас ...

АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН ТАЗАРТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ІСКЕ АСПАҚШЫ

        ...