Home » Қоғам » ҚАЙЫРЫМДЫ ЗИНА ӘЖЕ

ҚАЙЫРЫМДЫ ЗИНА ӘЖЕ

Мына жалған дүниеде тек өзіне ғана емес жан-жағына шуақ шаша білу адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Сондай абзал жанның бірі – ақ пейіл, кең жүректі, мейірімді, көпті көрген, көнекөз кәрия Зина Кенжебаева әжеміз биыл 92 жасқа келді. Кезінде абыз ақын, жырдың пірі Жамбыл Жабаев «тоқсан жас келем деген жасым ба еді?»-деп жырлағандай тоқсанның төріне шыққан әжеміздің зеректігіне, әңгімешілдігіне, ашық-жарқын мінезіне риза боласың.
Зина Кенжебаева әжеміз 1928 жылы дүниеге келген. Әкесі Алтынбек пен анасы Әден де көп жасаған жандар еді. 1950 жылы Мақтаарал ауданы, Свердлов кеңшары, «Красный авангард» бөлімшесінің тұрғыны Таған Маманов екеуі отау құрып, түтін түтетеді. Жолдасы Таған жоғары білімді, математика пәнінен сабақ беретін білікті ұстаз болды. Енесі Бекбике жаманын жасырып, жақсысын арттырды. Осы жанұяға сіңісіп кеткен келінді бәрі мақтады. «Бір әйел бар сыйлауымен әйел, бір әйел бар қинаумен әйел, бір әйел бар бәрін де ойлаумен әйел»-деген сөз бар халқымызда. Зина әже көпшілдігімен, кеңпейілдігімен, еңбексүйгіштігімен әулетіне сыйлы, сүйкімді келін болды. Ол жетімді жебеп, қиналғанды демеп, қысылған жандарға көмек беруден ешбір аянған емес.  Солардың бірі – панасыз, әке-шешесіз қалған Тағаберді Жолдыбаевқа жанашырлығын көрсетті. «Красный авангард» бөлімшесінде ол кезде тек ғана 5 жылдық мектеп бар еді. Аудандағы «Славян» кеңшарында «Қызыл жұлдыз» он жылдық интернат оқу ордасы болатын. Оқуын жалғастырсам ба деген үмітпен Тағаберді Жолдыбаев сол интернатқа барады. Ол интернатта негізінен алыс малды ауылдағы шопандардың балалары жатып оқитын. Интернат әкімшілігі Тағаберді Жолдыбаевты түрлі сылтау айтып, оқуға қабылдамайды. Содан Тағаберді жылап ауылға қайтады. Осыдан хабардар болға Зина әже аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Дербіс Әлжановқа барады. Мәселе оңынан шешіліп Тағаберді оқуға алынады. Жетім жігіт Зина апасының осы қамқорлығын өмір бойы ұмытқан емес. Тағаберді Жолдыбаев он жылдықты ойдағыдай аяқтап Алматыға оқуға түседі. Заң саласының білікті маманы болып, ауданда қызмет етеді. Ол аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтерілді. Кезінде Тағабердіні Қанымкүл деген қызға үйлендіріп, үйлі-баранды еткен де  Зина апа еді. Жылағанды жұбатып, қиналғанға жылы сөзбен де, ісімен де жәрдем бере білген Зина әженің мейірбандығы көпшілікке үлгі-өнеге бола білді.
Зина әженің замандас-құрбылары – Зиба Аманова, Фатима Жолдыбаева, Қағаз Нұрмағанбетовалармен «Красный авангардта» ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Жазда мақтаның шабығында, күзде терім науқанында уақытпен санаспай тер төкті. Жоқшылықтың тауқыметіне тап болған сол жылдары мақта терімінен, көк көсекті жинап соны үйге әкеліп кептіріп, қауашағы ашылған соң түнімен мақтасын бөлек жинайтын. Сонда өткізген сол қап-қап толы көсек үшін колхоз жарты келі арпа беретін. Мақтаны өгіз арбамен таситын. Соғыс жылдарында, одан кейін де талай қиындықтар мен ашаршылықты бастан өткеріп қиналған Зина әже тағы да бірнеше адамға жақсылық жасады. Сәкен есімді жігітті қолына алып, бағып-қағып оның жоғары оқу орнына түсуіне себепкер болған да кең жүректі осы Зина апасы еді. Өз баласындай көріп аялаған Сәкен Кенжебаев бүгінде Мырзакенттегі Пушкин атындағы орта мектепте мұғалім. Тарих пәнінен сабақ береді.
Зина әже кейін жиырма жылдай Мырзакенттегі нан комбинатында нан өнімдерін дайындау шебері болып істеді. Аусым бастығы Ануш Мкртчян, Қаламқас Артықбаева, Роза Әлмахановалармен бірлесе еңбек етіп, нанның сапалы, дәмді пісуіне, салмағының талапқа сай болуына барынша көңіл бөле білді. Ашаршылықты, жоқшылықты көрген Зина әже ас атасы – нанды қадірлеуді, дастарханда нан болса ән болатынын үнемі айтып отырады.
Н.Ф, Погодиннің «Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің өркені»-деген сөзі бар. Қазіргі кезде бейнетінің зейнетін көріп отырған Зина апаға ауырмаңыз, отбасының бақытына бөлене беріңіз дейміз.
Әбдіхалық ТЕГІСБАЕВ, Мырзакент кенті.   
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...