Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ИГІ ТІЛЕКТЕР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Құттықтау » ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ИГІ ТІЛЕКТЕР

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ИГІ ТІЛЕКТЕР

Құрметті:
Сіз үшін Жаңа 2021 жыл, жағымды жаңалықтар мен тілегей табыстарға мол кезең болсын. Қолға алған әрбір игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңыз сәттілікке толы болуын тілейміз. Сиыр жылы Сізге және отбасыңызға ашық аспан, таусылмас құт-береке, мол дастарқан әкелсін!
Сізге деген құрметпен:   
Сізді және ұжымыңызды кіріп келе жатқан Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз!
2021 жыл Сіз және ұжымыңыз үшін айтулы жетістіктер мен табыстарға қол жеткізетін, игі арман-үміттер жүзеге асатын уақыт болсын деп тілейміз! Қатерлі індеттің кесірінен туындаған барлық қиындықтар мен сынақтар «Тышқан жылында» қалып, «Сиыр жылы» жарқын бастамалармен қуантсын! Қолға алған істеріңіздің бәрі баянды болып, жоғары дәрежеде жүзеге ассын! 2021-ші жыл Сіздің және ұжымыңыздың отбасы мүшелері үшін шат-шадыман шаттықты, ырыс-ынтымақты, бақытты да құтты  кезең болсын!
Игі тілекпен:
Құрметті  ____________  ұжымы!
Жаңа 2021 жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жеткізетін, асқақ арман-мақсаттар жүзеге асатын, барлық үміттеріңіз ақталатын кезең болсын! Өз салаларыңызда алдыңғы қатардан көрініп, мол табыстарға қол жеткізіңіздер!Сіздерге және отбасы мүшелеріңізге мықты денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, берекелі дастарқан мен ашық аспан тілейміз!Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!  
Қадірлі:
Сізге болаттай мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілей отырып, 2020 жылы басыңыздан өткерген барлық сынақтар мен қиындық атаулы «Тышқан жылымен» бірге тарихқа сүңгіп кетуін тілейміз! Ал, «Сиыр жылы» оң өзгерістер мен ұмытылмас сәттер және де қызықты кездесулермен қуантсын. Ойға алған барлық жоспарларыңыз жүзеге асып, мол табысқа кенеліңіз! Жеке өмірде және ұжымыңызда қадіріңіз артып, жоғары белестерді бағындыра беріңіз! Отбасыңызға Жаңа жылда жаңа құт-береке,  таусылмас қуаныштар, сәттіліктер, мол табыстар және де ашық аспан тілейміз!
Құрметпен:

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...