Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Home » PRESS RELEASE » News » МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ!

       Құрметті ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен қадірлі еңбек ардагерлері!
     
        Жыл сайын қарашаның екінші жексенбісінде аталып өтетін «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» – еліміздің қадірлі мерекелерінің бірі. Бұл күн – жердің төсін иітіп, маңдай терімен ырыс дәнін өсіріп, еліміздің несібесін тауып отырған нағыз еңбектің иелеріне арналған құрмет күні.
       Ауыл шаруашылығы – мемлекетіміздің экономикалық қуаты мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі тірегі. Еліміздің өркендеуі, халықтың әл-ауқаты, тұрмыс сапасы – ауыл еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты.
       Сондықтан, бұл мереке – ауыл еңбеккерлерінің табанды еңбегін, туған жерге деген адалдығын, жер ананы аялаған ақ мейірімін бағалайтын мерейлі күн.
       Бүгінгі таңда, мемлекетіміз ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеру мақсатында жүйелі реформалар мен мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруда. Соның арқасында ауыл экономикасы нығайып, жаңа агротехнологиялар енгізіліп, ауыл тіршілігі жаңаша серпін алуда.
       Ауыл – елдің алтын бесігі, берекенің бастауы. Осы берекенің сақталып, ырыстың артуы – егін егіп, мал бағып, еңбек майданында жүрген сіздердің қажыр-қайраттарыңыздың арқасы.
       Сіздердің еңбектеріңіз – елдің ырысы мен тұрақтылығының кепілі.
      Осы айтулы мереке күні барлық ауыл еңбеккерлерін және еңбек ардагерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
       Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілейміз.
       Қамбаларыңыз астыққа, қора-жайларыңыз түлікке толып, әр күніңіз мерей мен шаттыққа толы болсын!
        Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, ауыл мен елдің игілігі жолында бірлесіп еңбек ете берейік!
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖИ МҮМКІНДІГІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

        ...

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...