Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МАҚТААРАЛДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » МАҚТААРАЛДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МАҚТААРАЛДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

        Бүгінде Мақтааралда көктемгі дала жұмыстары қызу қарқынмен жүргізілуде. Қазірдің өзінде диқандар 32794 гектар жерге мақта, 15432,5 гектарға бақша, 1587 гектарға дәнді жүгері, 1045 гектарға көкөніс, 805 гектарға жаңа жоңышқа, 233,5 гектарға картоп және гектар жерге көпжылдық екпелер егіп үлгерген.
        Сәуір айында ауа-райының қолайлы болуы шаруаларымыздың көктемгі дала жұмыстарын жылдағыдан ертерек жүргізуге бастама болды. 2023 жылы Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада 5655 тонна жанар жағар май отыны бөлініп бүгінгі таңға 206 теңгеден 1 литірі босатылуда. Бүгінгі таңда 3 690 тонна жанар-жағар май отыны босатылды.
        Ағымдағы жылы мақта егу үшін аудан аумағындағы тұқым шаруашылықтары 1200 тонна мақта шитін дайындап алыс жақын шет мемлекеттерден (Түркия, Өзбекстан, Қытай) қосымша R-1 мақта шитінің тұқымдары алынды. Сонымен қатар көрішлес Өзбекстан мемлекетінің «Наманган – 77» тұқымдық шиті аудан аумағында сынама ретінде 30 гектар алқапқа егілуде.
       Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 954 ауыл шаруашылығы тракторы, 415 чизель, 3876 тырма, 212 тұқым сепкіш техникалары қатысты. Биыл шаруаларға көмек беру мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін  374,1 млн теңге және «Жетісай несие» ЖШС тарапынан 116 млн теңгеден аса несие берілген.
         Былтырғы жылы 40,4 мыңнан аса гектар жерге мақта дақылы егіліп, аудан бойынша 106 мың тоннадан астам «ақ ұлпа» қамбаға жиналды. Орташа өнімділік 27 центнерге жеткен болатын. Ағымдағы жылы диқандарымыз 35,7 мың гектар алқапқа мақта дықылын егу жоспарланып отыр. 
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖӘРМЕҢКЕ – ЖҰРТҚА ТИІМДІ БАСТАМА

        ...

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Мемлекеттік ...

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...