Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Ташкент төрінде мерекелік концерт өткізді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Ташкент төрінде мерекелік концерт өткізді

Ташкент төрінде мерекелік концерт өткізді

        ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен Өзбекстан астанасы Ташкент төрінде 2 желтоқсан күні мерекелік концерт өтті. Концертке Ташкент тұрғындары мен студент жастар қатысты.
        «Туркистон» өнер сарайындағы концерттік шарада жастар сүйіп тыңдайтын қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
         Концерттің басты мақсаты- ағайынды екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, қандастарымызға, соның ішінде жас буын өкілдеріне ұлттық руханиятты дәріптеу.
          Концерт шымылдығын Өзбекстан Республикасындағы «Қазақ ұлттық мәдениет орталығының» төрағасы Үсенов Серікбай мырза ашып, шараны ұйымдастырып отырған «Отандастар қорына» шексіз алғысын білдірді. Қазақстан үкіметінің «Отандастар қоры» арқылы шеттегі қазаққа көрсетіп отырған жан-жақты қолдауы үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп, жастарға арналған түрлі білім және мәдени жобаларды көптеп қолға алуды сұрады. Сөз соңында, шараның сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, жастарға ақ батасын берді.
         Кеш қонақтары Мархаба Сәби мен Yenlik ерекше рэпертуарымен көрермендерді таңғалдырса, халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып жүрген Madistation мен Мұса Марат талантымен талайды тамсандырды. Сонымен қатар, 300-ден аса композицияның авторлары Ғаламат пен Нұрәли Бейсеқожа ағайындылар – тума талантымен келген қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.
         «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй» демекші, концерттің жабылу салтанатында жиналған көрермен «Атамекен» әнін қосыла шырқады. Қазақ әндерінен сусаған халық көздеріне жас алып, шеттегі қандастарды іздеп, арнайы келген қонақтарға алғыстарын айтып, қимастықпен қоштасты. Қазақстан мен Өзбекстан жалауларын қатар ұстап, екі елдің достығы мәңгілік болуына тілек білдірді.
          Атап айтсақ, «Отандастар қорының» бұл шеттегі қазақтар үшін биыл ұйымдастырған 8-ші концерті. Бұдан бұрын Германияның Кельн қаласы, Моңғолияның Баян-өлгей, Қобда және Ресей Федерациясында Мәскеу, Қосағаш, Барнауыл сынды бірнеше қалаларында өткен болатын.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...