Deprecated: Optional parameter $depth declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Deprecated: Optional parameter $args declared before required parameter $output is implicitly treated as a required parameter in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/theme-functions.php on line 1919

Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӨЛЕҢ ӨНЕРІНЕ ЕНГЕН "ТӘҢІРМЕН ТІЛДЕСУ" ЖЫР ЖИНАҒЫНА ПІКІР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӨЛЕҢ ӨНЕРІНЕ ЕНГЕН «ТӘҢІРМЕН ТІЛДЕСУ» ЖЫР ЖИНАҒЫНА ПІКІР

ӨЛЕҢ ӨНЕРІНЕ ЕНГЕН «ТӘҢІРМЕН ТІЛДЕСУ» ЖЫР ЖИНАҒЫНА ПІКІР

              Өлеңсүйер оқырманның жүрегіне жол таба алатын бұл жинақты оқи отырып, өзімнің жастық шағымды, өз басымнан өткізген сол сезімдерді қайта кешкендей болдым. Өйткені ақынның өлеңдері жәй ғана сөз, жәй ғана шумақ емес, ол – бастан өткерген өмірдің өзі.
       Ал «Тәңірмен тілдесу» бейнесі – көп оқырман үшін ортақ сезімге айналары анық. Ақын лирикалық кейіпкерін жәй бір, қаймана адам ретінде емес, өмірдегі ең нәзік, ең жақын, ең алапат сағыныштың символы ретінде көрсете алған. Бұл – үлкен шеберлік.
Өлеңдерінен табиғи сезімдер мен поэзияның рухы есіп тұрады. Жасандылықтан ада. Көркем сөзбен терең ой айта білу – кезкелген жанның қолынан келе бермейтін өнер болса, жас ақын Ерік Омарғалиев осы биікті бағындыра алған екен.
         Мен Еріктің топтама өлеңдерін оқи отырып, ақындар еліне тағы бір тамаша талант иесінің келгеніне қуандым. Өйткені, оның өлеңдерінен шынайылықтың лебі еседі, жыр жолдарынан мөлдір сезім мен соны образ аңдалады. Бүгінгі өміріміздің күнгейі мен көлеңкесін, адамдар арасындағы қатынастың ішкі иірімдерін нәзік нақышпен, ақындық түйсікпен жырлай біледі. Бұл — ақын үшін басты қасиеттің бірі.
Өлең – шексіз, ақиқат ғұмыр – шексіз,
Неге өлімді ойлаймыз, түңілсек біз?!
Ай сүтіндей түндердің аясында
Күн саумалды күндердің мыңын өткіз, — деп жырлайды ақын.
        Өмір-өлеңі өзіне күш-қуат беріп, қиындығы мен қызығы мол осынау поэзия әлемінде Ерік ініме «Жұлдызың биік, жолың жарқын болсын, бауырым!» деген ізгі тілек айтқым келеді.
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ,
ақын, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Ұстаз – ұлы есім, ұлағатты мамандық

       Ұстаз ...

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА

        ...

Жұмысты жүйелеу – нәтиженің кепілі

        ...

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САБАҚ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        ...

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша көш бастады

        ...

44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

        ...

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

        ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

        ...

4 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ЖАППАЙ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ...

ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – ЖАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ

        ...